АРХИВ
АРХИВ бөліміндегі ең маңызды оқиғалар, сараптамалар мен соңғы жаңалықтардың толық тізімі.

Комиссия құжаттары Президент архивіне тапсырылды

Президент архивінде Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның құжаттарын мемлекеттік сақтауға қабылдау рәсімі өтті. Рәсім барысында қағаз түріндегі құжаттар, сондай-ақ комиссияның қызметі мен конституциялық реформаны қоғамдық талқылау барысын көрсететін аудиовизуалды құжаттар, оның ішінде дыбыс жазбалары, цифрлық фотосуреттер және бейнеқұжаттар Президент архивіне тапсырылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Архившілер конгресі қорытындыланды

Астанада өтіп жатқан «Digital Archive EXPO» атты III архившілер конгресі аяқталды. Президент архиві ұйымдастырған халықаралық форум цифрлық трансформация мен жасанды интеллект дәуіріндегі архив саласының болашағын талқылауға арналды.

Архившілер конгресі басталды

Астанада «Digital Archive EXPO» III архившілер конгресі өтіп жатыр. Үш күнге созылатын айтулы жиында әлемнің 30 елінен келген 500-ден астам қатысушы цифрлық трансформация және жасанды интеллект дәуіріндегі архив саласының келешегі жайында кеңесіп, талқылаулар өткізіп жатыр. Олардың қатарында архив мекемелерінің басшылары мен мамандары, БҰҰ, ЮНЕСКО, Халықаралық архивтер кеңесінің өкілдері, жетекші IT сарапшылар, ғалымдар мен зерттеушілер бар.

Шерхан Мұртазаның 6 мың парақ мұрасы цифрланды

Қазақ көсемсөзінің жоталы жолбарысы – Шерхан Мұртазаның «Egemen Qazaqstan» газетінде редакторлық еткені мәлім. Қолының табы, көзінің нұры қалған редакция мұрағатында қаламгердің шығармашылық зертханасынан хабар беретін құнды қолжазбалар мен құжаттар, фотосуреттер сақталған еді. Сол қолжазбаларды алдағы заманға аман жеткеру үшін өткен жылдың қазан айында Шерағаның жәдігерлері ұлттық архивке табысталды. Бұл – аманат жүгін ар­қалаған тарихи шешім және маңызды қадам болды. Енді сол аманат толық жүйеленіп, зақымданған жазбалар қалпына қайта келтірілді. Соған орай және баспасөз күнінің аясында Ұлттық архив ұжымы «Шерхан Мұртазаның қаламгерлік қазынасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Жиын ұжымы «Қазақ газеттері» серіктестігімен селбесе ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бибігүл Жексенбай: Аудандық және облыстық баспасөздің мұрағатын сақтау аса маңызды

Сенатор Бибігүл Жексенбай аудандық және облыстық баспасөз мұрағатын сақтау мәселесін көтеріп, бұл бағыттағы олқылықтардың тарихи және құқықтық салдарына назар аударды. Оның айтуынша, өңірлік газеттер ел тарихының тірі шежіресі саналады. Алайда олардың мұрағаттары соңғы жылдары жүйелі қауіп-қатерге ұшырап отыр, деп жазады Egemen.kz,

Болашақ архиві цифрлық экожүйеге сүйенеді

22 желтоқсан – Қазақстан Республикасының архившілер күні. 1998 жылы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» заңның қабылдануымен тұспа-тұс келген бұл атаулы дата – біздің кәсібіміздің және құжаттық мұраның тарихи маңыздылығының мемлекеттік деңгейде мойындалуының жарқын көрінісі. Төл мереке қарсаңында біз құжат жадының рөлі мен маңызына қайта үңіліп қана қоймай, жасанды интеллект дәуірінің сала алдына қойып отырған жаңа стратегиялық міндеттерін зерделейміз.

Архив қорларында Желтоқсан оқиғасына қатысты деректер жеткілікті ме?

Тәуелсіздіктің 34 жылдығына орай Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде «16 желтоқсан – Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңдері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Онда республикалық, облыстық және қалалық мемлекеттік архив өкілдері Тәуелсіздік жылдарында толықтырылған архив қорлары мен Желтоқсан оқиғасына қатысты деректер туралы баяндама жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Цифрлық дәуірде таспаланған тарих

Отыз жыл уақытты аз деп те, көп деп те айта алмаймыз. Бұл мерзім ел тарихы үшін қас-қағым ғана сәт сияқты көрінгенмен, біздің ұжым үшін тағылымға толы толысу кезеңі болды. Ізденіс пен табандылықтың арқасында архив ісінің кәсіби мектебі қалыптасты, жас мамандар қанатын қатайтты. Отыз жыл ішінде архив ғимаратын мұрағат мұратына үйлестіре құру, қорларды жүйелеу, заманауи стандарттарға бейімделу секілді сансыз жұмыстар атқарылып, Астана қаласы мемлекеттік архиві елдің тарихи жады мен құнды деректерін сақтайтын қасиетті ордаға айналды.

Құжаттардағы тарих дерегі

Биыл облыстық тарихи-өлкетану музей қоры Қызыл­орданың астана мәр­тебесін иеленгеніне 100 жыл толуына байланысты құнды құжаттармен толыға түсті. Музей мен Алматыдағы Президент архиві басшыларының келісіміне сәй­кес архив қорындағы 140-тан астам электронды құжат Қызылордаға жетті.

Құнды құжаттар жәрмеңкесі

Астанадағы Ұлттық архивте Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Архив-2025: архив­тегі аманат» атты республикалық ғылыми-тәжі­рибелік конференция өтті. Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Әли Мә­дениет және ақпарат министрі А.Балаеваның құт­­тықтау хатын оқып, іс-шара шымылдығын ашты.