ӘЙЕЛ ӘЛЕМІ
ӘЙЕЛ ӘЛЕМІ бөліміндегі ең маңызды оқиғалар, сараптамалар мен соңғы жаңалықтардың толық тізімі.

Александра Сикумбаева: Қаңтар оқиғасы біз үшін үлкен сабақ болды

Нәзік жандылардың ерлермен қатар ауыр жұмысты еңсере берерін білеміз. Кешегі Әлия мен Мәншүктер қолға қару алып, жауды қалай жайратты. Солардың сынығы сынды арулар бүгін де ортамызда жүр. Полицияның іс-қағаздарымен емес, арнайы жасағында от пен су кешіп жүрген Александра Сикумбаевамен әңгімелестік.

Өндірістегі өршіл қыздар

Толассыз шу, дамылсыз қозғалыс, тынымсыз техникалар. Мұндай орындардан ер адамдарды көруге көз үйренген. Ауыр өнеркәсіптің аты айтып тұрғандай, бұл салада табанды еңбек ету үшін білектің күші, жүректің мысы керек-ақ. Бірақ мұндай өндіріс ошақтарында өнімді қызмет етіп жүрген аруларымыз да жоқ емес, деп жазады Egemen.kz.

Кран тізгіндеген Рәзия

Әдетте түрлі техникамен байланысты мамандықтың денін ерлерге тән дейміз. Алайда сондай кәсіпті жетік меңгерген қыз-келіншектер де аз емес.

Әлеуметтік қоғамдағы ана мәртебесі

Елімізде көпбалалы отбасылардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғау – мемлекет саясатының негізгі бағыттарының бірі. Ана мен баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, әлеуметтік қолдау елдіктің нышаны.

Шаңырақтың шырағы, ұлттың ұйытқысы

Көктемнің алғашқы лебімен келетін ардақты аналар мен аяулы арулар мерекесі – қоғамды ізгілікке, жақсылық пен жасампаздыққа үндей­тін, ыстық ықыласқа толы, мейірбан мейрам. Әйел-ананың қоғамдағы орны, оның отбасын­дағы қадір-қасиеті мен мемлекет дамуындағы үлесі қашанда еліміздің басты назарында.

Димаштың әжесі

Көктемнің алғашқы күндері­мен жарыса да жараса енетін әдемі мейрам – Аналар ме­рекесі қарсаңында есті әңгіме ес­тігіміз келіп қазақ­қа Димаш­тай дара дарынды тәрбиелеп, теңдессіз тарту жасаған Миуа әженің үйін бетке алдық. Тілегімізді таби­ғат та құптағандай, елорда­ның әншейінде кешігіп келетін көктемі бұл күні ерекше мейір­леніп, бар шуағын төгіп, тамылжып-ақ тұр. Біздің де көңіл көтеріңкі. Қолтығымызға бір қорап тәттімізді қысып, толқи басып әже шақырған мекенжайға келдік. Есіктен кіргеннен ерекше мейіріммен қарсы алған Миуа әже төрін ұсынды. Даладағы тамаша ауа райы енді үйдің ішінде жарқырап сала берді.

Нәзік иықтағы ауыр жүк

Аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл, полиция подполковнигі Қайыргүл Оңалбаеваның ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жүргізіп келе жатқанына жиыр­ма жылға жуық уақыт өткен.

Арманына жеткен ару

Бүгінде арманына адал, мақсатына берік қыз-келіншектер көк жүзінде де біраз белесті бағындырып жүр. Әуе кемесін тізгіндеп, биікте еркін қалықтаған сондай арудың бірі – Дана Қылышбаева. Ұшқыш қыз бүгінде халықаралық рейстерді орындап, еліміздің авиация саласында жемісті еңбек етіп келеді.

Талапкерге қанат бітірген

Кейінгі жылдары қашықтан білім алу қалыпты үрдіске айналды. Ал осыдан бес-алты жыл бұрын онлайн оқуды көпшілік аса мойындай қоймаған еді. Сол уақытта батыл қадамға барып, білім саласына білек сыбана кіріскен жастың бірі – Жұлдызай Мұсаева. Қазір ол негізін қалаған «JUZ40» компаниясы бүгінде еліміздегі ең ірі «EdTech» жобалардың біріне айналды. Аталған компания жыл сайын мыңдаған талапкердің ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары балл жинап, қалаған оқу орнына грантқа түсуіне жол ашып келеді.

Ел анасы, ерте оянған санасы...

Қазақ тарихына үңілсек, ел тағдырына араласқан қайсар қыздардың ізі әр кезеңнен табылады. Олардың арасында отты ХІХ ғасырда шаңырақтың ұйытқысы ғана емес, білімде, ғылымда, журналистикада, саясат пен мемлекеттік басқаруда да жол ашқан тұлғалар болды. Қиын дәуірдің кедергілеріне қарамастан, заманының көкжиегін кеңейтіп, қазақ әйелінің көрегендігін көрсетті.