ЕҢ ҚЫСҚА ӘҢГІМЕ
ЕҢ ҚЫСҚА ӘҢГІМЕ бөліміндегі ең маңызды оқиғалар, сараптамалар мен соңғы жаңалықтардың толық тізімі.

Бұйырмаған қазы

Біз оны көке деуші едік. Барлық туған-туыстың баласы да солай атайды. Көке деп отырғаным – әкемнің немере ағасы. Есімі – Байдақ Молдашев. Соғыс және еңбек ардагері.

Арқамнан қақпашы, аға!

Бектас атасы мен әжесінің бауырында өскен бала. Ес білгелі қариялардың тәлім-тәрбиесін көрген, өнегесін ұққан, үлгісін алған. Өзі оқуға сондай зерек. Шоқжұлдыздай шағын ауылда қайдан үйреніп алғанын кім білсін, ағылшын тілін білетін жалғыз өзі.

Анттан аттамаған

Терезеге телміре қа­рап тұрып, қоп-қою кофесін ұрттады. Күрделі операциядан шыққан Олжастың ойы сан сақта. Жаңа ғана жанын аман алып қалған науқас осыдан жиырма жыл бұрын ба екен, бала Олжасты тау қуысындағы қыстақта тас­тап кеткені бар.

Күліктің кісені

Биыл жазда демалысымды туған ауылда өткізудің сәті түскен. Бірер күн аунап-қунап, алыс жолдың сарығы басылған соң өзім өскен ескі үйге бардым. Көзге ерекше ұшыраған нәрсе темір кісен болатын.

Оспан батыр, Дина Нұрпейісова, Шара Жиенқұлова: Тың деректер архив қорына енді

Астана қаласында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Ұлттық архив мекемесі «Архив – 2025: архивтегі аманат» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіп, 2020-2025 жылдарға арналған «Архив-2025» жобасын қорытындылады, деп жазады Egemen.kz.

«Мен таңдаған бойжеткен...»

Пойызға отырдық. Жолаушы көршілерім орындарына жайғасып жатыр. Әлі екі орын бос. Міне, олардың да иелері келді. Бірі – бойы тым пәкене, иығы қушиыңқыраған. Реңі әжептәуір. Қой көзі ойнақшыған, жүзі жылы, шашы тықыр, жас шамасы қырықтан едәуір асқан жігіт. Екіншісі – ұзын бойлы, мойны жуан, иықты, аяқ-қолы балғадай, ұзын етек көйлек киген, басына қызғылтсары, жылтырақты орамал тартқан, сығырайыңқыраған қара көзді, жалпая біткен мұрны дөңгелек жүзіне жарасыңқы, маңдайы кең, сыртқы пошымы егер еркекше киінсе ер-азаматқа ұқсап қалары даусыз, жасы әлгі жігітпен қарайлас қарапайым келіншек. Бойларына қарап ерлі-зайыптыға ұқсатпадым. Бұлардың сөмкелерін көтерісіп, шығарып салуға келген бойлары теректей, жаурындары қақпақтай екі бозбала олармен құшақтаса қоштасты да, бізге де сәтті сапар тілеп шығып кетті.

Өтініш һәм өкініш

Телефон қоңырауы соғылды. Белгісіз нөмір. Сәл кідіріңкіреп барып, телефонға жауап берді. Арғы жақтан қарлығыңқы дауыс шықты. Телефон соққан ауылда тұратын, көптен бері хабарласпай кеткен туысқан ағасы екен.

Жүз жылқы хақындағы аңыз

Бірде Оралдың өлкетану мұражайынан көздің жауын алатын әдемі бір самаурын көрдім. Самаурынды ХІХ ғасырда қазақтың бір байы жүз жылқыға сатып алыпты. Осылай аты белгісіз бай жалқы самаурынды 100 жылқыға айырбастап, артында аңыз қалдырыпты.

Юрий Никулинмен қалай кездестік?

Бір топ солдат ну орманды аралап келе жаттық. Кенет алдымыздан қаз-қатар сап түзеп тұрған әскери техникалар шыға келді. Таңырқағаннан ­аузымыз ашылып қалыпты. Қоршаудан оңай өттік. Жастық желік қойсын ба, әрқайсымыз әр техникаға барып, төбесіне шығып жатырмыз. Ойпырмай, мұнда не жоқ дейсіз? Кәдімгі ат-арбадан бастап, танкілердің нешеме атасы қойылыпты. Немістердің де танкілері, жүк көліктері, қару-жарақтары тізіліп тұр. Алдыңғы жетектеуші бөлігіне кәдімгі дөңгелек орнатқан шынжыр табанды танкіні алғаш көруіміз. Ұшақтардың да бірнеше түрі бар.

Несібе

Қарыздан-қарызға батып, адымы ашылмай жүретін. Күндіз өз жұмысын атқарып, кешкісін салдырлаған ескі көлігімен таксилетіп кететін еді. Несібесі мен несиесін айырамын деп, таңнан кешке дейін тыным тапқан емес. Қызық. Қанша тарықса да көңілі бір түскенін көрмедік. Жымиып қана: «Бір жөні болар» дейтін.