МИРАС
МИРАС бөліміндегі ең маңызды оқиғалар, сараптамалар мен соңғы жаңалықтардың толық тізімі.

Күймен көмкерілген маусым

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі Ұлттық домбыра күніне арналған концертімен 92-концерт маусымын аяқтады.

Көнеден жеткен киелі аспап

Алматыдағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде 300-ге жуық домбыра бар. Экспозициялық залдарда халқымыздың, сондай-ақ әлемнің 50-ден астам елінің музыкалық аспаптары қойылған.

Мың жылқының дүбірі

Биыл кереге таулы Кеген ауданының Қарқара жайлауында бесінші мәрте ұйымдастырылған «Қымызмұрындық» этнофестиваліне еліміздің әр аймағынан бөлек, алыс-жақын шетелдерден туристер легі ағылды. Сан мың бояулы түкті кілемдей құлпырған жайлау төрінде өткен дәстүрлі халықтық мерекеге 35 мыңнан астам адам жиылып, дүбірлі тойдың көрігін қыздырды.

«Көкмайса» жазиралы Жаңаарқада жалғасты

Жаздың жайма шуақ күнінде Жаңаарқаның сайын даласы тағы бір мәрте ұлттық рухтың ордасына айналды. Өткен жылы Ұлытау ауданынан басталған «Көкмайса – даланың тірі тарихы» этнофестивалі биыл жазиралы Жаңаарқа төрінде жалғасын тауып, қазақтың көшпелі өркениетін, салт-дәстүрі мен ұлттық тағамдарын дәріптеген тағы­лымды мерекеге ұласты.

Зерделі ұлттың бүгіні мен ертеңі

Мемлекет басшысының «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы шыққаннан бері кітап оқудың маңыздылығына кітапханашылар ғана емес, жергілікті билік өкілдері, оқу орындары, ғалымдар мен қаламгерлер де күрт бұрылды. Соның бірі жақында Петропавлдағы С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханада «Зерделі ұлт – Қазақстанның болашағы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция түрінде аталып өтті.

Жоғалып табылған Жайық шаһары

Қазіргі Орал қаласының маңында ортағасырлық қоныс болғанын көне карталардан байқап, кеңес өкіметі жылдары іздеген талай ғалым болған. Алайда Алтын Орда кезеңіне тиесілі Жайық қаласының қайта табылуы Тәуелсіз Қазақстан уақытына бұйырыпты.

Азаттықты аңсаған күйші

Ел үшін күрескен ерлердің ешбірі тыныш ғұмыр кешкен жоқ. Қазақ күй өнерінің саңлағы саналатын Құрманғазы Сағырбайұлы да етікпен су кешкен сондай ерлердің бірі еді. Сөз жоқ, көпшілік Құрманғазының күйшілік шеберлігін, дәулескер домбырашылығын жоғары бағалайды. Сонымен қатар ол домбырасы арқылы азаттықтың рухын асқақтатқан нағыз күрескер күйші еді.

Момышұлынан қалған мұра

Жуалыға жол түссе, даңқты Бауыржан Момышұлының мұражайына соқпай кетпейміз. Онда сақталған ерекше жәдігерлер тұлғаның толық болмысын ашып, әртүрлі шығармашылық қырын танытады. Ерлікке толған жүректің өнерге деген іңкәрлігін, ішкі жан-дүниесінің рухани байлығын байқатады. Аңызға айналған ғұмырдың әр парағы, әр естелігі қаһарман кеуденің арғы жағындағы нәзік бір әлемнен сыр шертеді.

Жошының жорығы мен жосығы

Осыдан шамамен 800 жыл бұрын Жошы хан айтты деген сөз бар. Оған дейін орман елдерін бағындырып, қаншама халықты қантөгіссіз тізе бүктірген Шыңғыс қағанның тұңғыш ұлы сол кездегі Қыпшақ даласы, қазіргі Қазақ даласына біткен Ұлытауды көргенде: «Төрткүл әлемді шарласаң да мұндай жанға жайлы жер, таза ауа, дәмді су, кең шалқар соныны іздесең таппассың», деп тұрып қалған екен.

Мұхаңның батасы

Мұхтар Шахан! Біртуар Мұхаң. Түркі дүниесі мен адамзатқа ортақ қайраткер... Иә, бірде «Аға, қазақ тілі деп жүрсіз, неге «ов»-тан құтылмайсыз?» деген жастардың тіке сұрағына қайсар да адал ақын: «Несі бар, Мұхтар Шахан болды деп есептеңдер!» деп жауап қатқаны бар.