ӨНІМ
ӨНІМ бөліміндегі ең маңызды оқиғалар, сараптамалар мен соңғы жаңалықтардың толық тізімі.

Қазақтың қымызы Нью-Йоркте алтын жүлде жеңіп алды

JAS.BRANDS агенттігінің SAF Qymyz жобасы Нью-Йоркте өткен DIELINE Awards 2026 халықаралық сыйлығының алтын жүлдесін жеңіп алды. Бұл туралы Алматы қаласының Туризм басқармасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қантқа тәуелділік: Тәттіден бас тартқанда ағзада қандай өзгерістер болады?

Көбіміз тәттіні жай ғана дәмнің рахаты үшін жейміз деп ойлағанымызбен, оның астары әлдеқайда тереңде жатыр. Шын мәнінде, қант миға әсер ететін дофамин гормонын жасанды жолмен қоздырып, адамның көңіл күйін уақытша көтереді. Уақыт өте келе ағза осы алдамшы сезімге үйреніп, тәттіге деген тұрақты сұраныс – құмарлық пайда болады. Сондықтан да қанттан бас тарту көпшілікке ауыр сынақтай көрінеді.

Халық көп тұтынатын тауарлар бағасы өскен жоқ

Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары­ның ба­ғасы былтырғы деңгейінде сақталып отыр. Әрі бұл тауар­­лар­дың тізбесі қайта қаралып, қатарға жаңа өнімдер қосылды.

Ел тұрғындары табысының көп бөлігін азық-түлікке жұмсайды

Биылғы жылдың үшінші тоқсанында азаматтардың орташа шығыны жан басына шаққанда 324,5 мың теңгені (айына 108,2 мың теңге) құрады. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ел тұрғындары табысының басым бөлігін, яғни 52,3%-ын азық-түлік сатып алуға жұмсайды. Кейбір өңірлерде бұл көрсеткіш 60%-дан асады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Азық-түлік бағасын реттеу жаңа үлгіге көшеді

Елімізде 2026 жылдан бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) тізімін бекіту тәжірибесі тоқтатылмақ. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев үкімет брифингінде мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Импортқа есік ашық, өзімізге тосқауыл көп, неге?

Бүгінде отандық азық-түлік өндірушілер қиын жағдайда. Себебі нарықта шетелдік өнімнің үлесі басым, бәсекелестік әділ емес, ірі сауда желілерімен жұмыс істеу қиындай түсуде. Оған қоса, бақылаусыз сырттан келетін «көлеңкелі» тауарлар отандық өндірушіге қосымша қиындық туғызуда. Бұл мәселені шешудің жолын «Ақтөбе облысының сүт және сүт өнімдерін өндірушілер қауымдастығы» басқарма төрағасының орынбасары Сағынғазы Құрманалин айтып берді.

Енді әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке шекті баға қойылмайды

Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) белгіленген шекті бағалар жойылады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин сәрсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Оның айтуынша, бағаны шектеудің орнына сауда үстемесіне бақылау күшейтіліп, атаулы әлеуметтік көмек аясындағы қолдау тетіктері кеңейтіледі, деп жазады Egemen.kz.

Ақмола облысында азық-түлік қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етілген

Азық-түлік қауіпсіздігі – елдің тұрақты дамуы мен азаматтардың әл-ауқатының басты кепілі. Бұл бағытта Ақмола облысында жүйелі әрі нәтижелі жұмыстар жүргізілуде. 2025 жылдың алғашқы тоқсанында өңірдің ауыл шаруашылығы саласы айтарлықтай өсім көрсетті: ет өндірісі 10 пайызға, сүт 3,7 пайызға, жұмыртқа 0,4 пайызға артқан, деп хабарлайды Egemen.kz,

Сұранысқа ие «Камертон» ірімшіктері

Елімізде сүт өнімдерін дайындайтын компаниялар өнімнің жүздеген түрін шығарып, ішкі нарықтағы үлесін арттыра бас­тады. Солардың бірі – сүт ірімшігін шығаратын «Камертон» компаниясы.

Депутат азық-түлікті сертификаттау шараларын бақылау керектігін айтты

Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов импортталатын азық-түлік тауарларын техникалық реттеу және сертификаттау шараларына қатысты бақылауды күшейту қажеттілігі туралы депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.