ШЫМКЕНТ
ШЫМКЕНТ бөліміндегі ең маңызды оқиғалар, сараптамалар мен соңғы жаңалықтардың толық тізімі.
174 МАТЕРИАЛ ТАБЫЛДЫ
Жарыстан жүлделі оралған жас сарбаздар
Шымкент4 шілде 2026
Жарыстан жүлделі оралған жас сарбаздар
Шымкенттегі Сабыр Рахымов атындағы әскери колледждің курсанттары мен қала мектептерінен жасақталған «Сұңқар» әскери-патриоттық клубының мүшелері «Айбын-2026» XII халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынынан зор жетістікпен оралды. Жеңімпаздарды Шымкент теміржол вокзалында салтанатты түрде қарсы алу рәсімі ұйымдастырылып, жас сарбаздардың жеңісі ерекше құрметпен атап өтілді.
Автор: Редакция
Өңірдің экономикалық өрісі
Шымкент3 шілде 2026
Өңірдің экономикалық өрісі
Жуырда Шымкентте инвестициялық жобаларды сүйемелдеу мәселелері төңірегінде арнайы форум өтті. Алқалы жиынға Бас прокуратура Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Бауыржан Ералы, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов, қала прокурорының міндетін атқарушы Жомарт Нұрғали, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Мұратбек Маханов, Кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова, құқық қорғау, жергілікті мемлекеттік орган басшылары мен кәсіпкерлер қатысты.
Автор: Редакция
Қайта өңдеу саласының ілкімді істері
Шымкент23 маусым 2026
Қайта өңдеу саласының ілкімді істері
Шымкентте ветеринария және ауыл шаруашылығы саласы бойынша ауқымды жұмыс атқарылып келеді. Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Базарбековтің айтуынша, көктем-күзде мегаполисте кенеге қарсы залалсыздандыру жүргізіледі. Осы мақсатқа орай биыл 152 мың бас мал тоғытылды. Кенеге қарсы дезинфекциялау наурыз-мамыр айларында іске асырылды. Ол үшін арнайы автокөліктер мен бүрку аппаратын қолданған мамандар жұмылдырылды.
Автор: Редакция
Қала күні қарсаңындағы қуаныш
Шымкент23 маусым 2026
Қала күні қарсаңындағы қуаныш
Шымкентте қала күніне орай бірнеше мәдени нысан пайдалануға берілді. Атап айтқанда, «Shymkent City» шағын ауданында жаңа саябақ ашылды. Оның ашылу рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы келіп қатысты. Саябақ аумағы 4,2 гектар. Ол шаһардағы ең ірі демалыс аймағы деген мәртебеге ие болды. Қала тұрғындары енді осы саябақта тынығып, серуендеумен бос уақыттарын өткізе алады. Онда отбасылық демалыстар ұйымдастыруға, мәдени көпшілік іс-шаралар өткізуге барынша жағдай жасалған.
Автор: Редакция
Химия саласының келешегі сараланды
Шымкент19 маусым 2026
Химия саласының келешегі сараланды
Жуырда Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде «Химия – 2026: Ғылым мен өндірістің тұрақты дамуының негізі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Ғылыми басқосу химия саласын дамыту, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін өндіріске енгізу, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейту мақсатында ұйымдастырылды. Конференция жұмысына мемлекеттік орган өкілдері, академик, ғалым, жоғары оқу орындарының басшылары, кәсіпорын мамандары мен жас зерттеушілер қатысты.
Автор: Редакция
Инфрақұрылымды жаңғыртатын ұлттық жоба
Шымкент16 маусым 2026
Инфрақұрылымды жаңғыртатын ұлттық жоба
Елімізде «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту»(ЭКСЖ) ұлттық жобасы өткен жылдан жүзеге асырыла бас-тады. Аталған жоба арқылы республика көлемінде 2029 жылға қарай коммуналдық инфрақұрылым тозуын 40%-ға, апат қаупін 20%-ға азайту көзделген. Бұл бағыттағы жұмыс бүгінде Шымкент қаласында қарқынды түрде іске асып жатыр. Жалпы, ЭКСЖ – коммуналдық қызмет сапасын күшейтуге, оның тұрақтылығын қамтамасыз етуге, таза су мен экология-ны жақсартуға арналған ұлттық бастама деуге болады.
Автор: Редакция
Әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
Шымкент16 маусым 2026
Әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
Шымкент қаласында әлеуметтік нысан құрылысы мен жөндеу жұмысы қарқынды түрде атқарылып келеді. Соның ішінде биыл Мұз сарайы ағымдағы жөндеуден өтетін болады. Аталған нысан қала тұрғындарына демалыс уақытын көңілді өткізу үшін таптырмас орын. Сонымен қатар ол қысқы спорт түрлерінен балалар жаттығатын бірден-бір спорт нысаны.
Автор: Редакция
Ерте салынған екпе – ана саулығының кепілі
Шымкент13 маусым 2026
Ерте салынған екпе – ана саулығының кепілі
Шымкент қаласының ақпараттық-коммуникациялық орталығында қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Тұрымбетова брифинг өткізіп, жатыр мойны обырының негізгі себептерінің бірі саналатын адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы 11-17 жастағы қыздарға екпе егу жұмысының барысы туралы баяндады.
Автор: Редакция
Ірі ұшақтарға қызмет көрсетеді
Шымкент9 маусым 2026
Ірі ұшақтарға қызмет көрсетеді
Автор: Редакция
Мемлекеттік рәміздер асқақтаған күн
Шымкент9 маусым 2026
Мемлекеттік рәміздер асқақтаған күн
Автор: Редакция