ТӘРБИЕ
ТӘРБИЕ бөліміндегі ең маңызды оқиғалар, сараптамалар мен соңғы жаңалықтардың толық тізімі.

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

«Атадан мал қалғанша, тал қалсын», «Тәрбие – тал бесіктен» деген дана халқымыз табиғатты тіршіліктің тұтқасы санағаны белгілі. Байырғы көшпелі дүниетанымдағы ұрпаққа аманат етілген бұл ұғым бүгінде жаңа мазмұнда жаң­ғырып, экологиялық мәдениетті бала кезден қалыптастырудың маңызы арта түсті.

Ұрпақ тәрбиесінің төрт тұғыры

Бала тәрбиесі – барша халыққа ортақ құндылық. Осы тақырыпты зерттеп, зерделеп, жалпы адам баласына ортақ тұжырым ұсынған шетелдік әлеуметтік психолог мамандар баршылық. Мысалы, америкалық танымал психолог Диана Баумринд көпшілікке бала тәрбиелеудің үш негізін ұсынған екен. Оның бірін­шісі – сыйластық тәрбие (authoritative), екіншісі – автори­тарлық тәрбие (authoritarian), үшіншісі салғырттық тәрбие (permissive) десе, кейінгі жылдары Стэнфорд университетінің (АҚШ, Калифорния штаты) психолог мамандары Элеонор Маккоби мен Жон Мартин төртінші негіз ретінде еркін тәрбие (uninvolved) ұғымын қосыпты.

Баланы кітап оқуға қалай баулу керек?

Өркениетті елдер кітап оқуға өнер ретінде қарайды. Кітапты оқу үшін де үлкен талғам керек. Баланың кітапқа деген қызығушылығын арттыруды неден бастаған дұрыс? Қандай кітаптарды таңдаған жөн? Қалай, қай кезде оқыту керек? Дамыған елдер осындай сауалдарға жауап іздеп, барлығын да ғылыми тұрғыдан зерттеп, зерделейді. Арнайы бағдарламалар мен жобалар жасайды.

Астанада балабақша бүлдіршіндері түймеден Абай Құнанбайұлының портретін дайындап шықты

Аталған еңбекті – «Абай аманаты» жобасы аясында №86 «Зияткер» балабақшасының бүлдіршіндері жасады. Портретті әзірлеуге 560 түйме жұмсалған, деп жазады Egemen.kz.

Тәрбиенің әлеуеті – ұлттық мінезде

Тәрбие саласындағы жағымсыз ахуалдың туындауының негізгі себептері тереңде жатыр. Жаһандану заманында қазақ қоғамына Батыстан ентелеп кіре бастаған либералдық негіздегі әртүрлі қитұрқы «концепциялар» мен жұртты ішінен ірітіп-шірітуге бағытталған саяси технологиялар ұлттың табиғатын теріс бағытта өзгертуде «әжептәуір нәтижеге» қол жеткізіп үлгерді.

Елімізде 314 мың бала тегін үйірмелерге қатысып жүр

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылдан бастап Қазақстанда қосымша білім беру ұйымдарына ваучерлік қаржыландыру жүйесі кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Баланы кім тәрбиелейді?

Бала тәрбиелеу – әлімсақтан бері адам өміріндегі ең маңызды іс. Бала тәрбиесі үшін басы ауырып, балтыры сыздамаған ата-ана кемде-кем шығар. Ал осы тәрбиенің өзегінде асыл үміттің, жарқын болашаққа деген ұмтылыстың негізі жатыр. Ұлтымыз ежелден ұрпақ баулу ісіне баса назар аударған. Қадау-қадау ғасырлардан бергі жинаған тәжірибелер мен ұлттық салт-сана, халықтық дәстүрдің озығы да сол бала тәрбиесіне жұмсалғаны рас.

Табиғатты аялау балабақшадан басталады

Экологиялық мәдениет, қоршаған ортаға жанашырлық – тәрбиеден. Табиғатты аялап, қызғыштай қоруды балалар балабақшадан түйсінсе, келешекте жадынан шығармайды. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында мектепке дейінгі ұйымдарда іске асып жатқан «Жасыл балабақша» жобасының мақсат-мұраты осы түсінікпен үндеседі.

Табиғаттың кішкентай жанашыры

Атырауда тұратын 3 жасар Дінмұхаммед Жұмажанның шашыл­­ған қоқыс жинағаны бейнеленген видео әлеуметтік желі­де жарияланып, көпшілікті сүйсіндірген еді. Президент бала­қайға қоршаған ортаға жанашырлығы үшін алғысын білдірді.

Бақылаусыз бала жамандыққа ұрынады

Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ішімдік пен басқа да қоғамға қайшы әрекеттердің алдын алу мақсатында облыстық мәслихат депутаттары, «Жастар рухы» ЖҚ белсенділері полиция қызметкерлерімен бірге түнгі рейдке шықты.