ЗЕРДЕ
ЗЕРДЕ бөліміндегі ең маңызды оқиғалар, сараптамалар мен соңғы жаңалықтардың толық тізімі.

Бауыржан Момышұлының хаты

Бақандай төрт жылға созылған Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде майданға аттанған қазақ жауынгерлері соғыс шебінен артында қалған ел-жұртына, туған-туысына, халқына жалынды жауынгерлік сәлемін хат арқылы жолдайды. Соның бірі – «Социалистік Қазақстан» газетінің 1942 жылғы 1 сәуір күнгі санына жарияланған қаһарман қолбасшы Бауыржан Момышұлының хаты.

Жетісу жұрты Сейфуллин мұрасымен танысты

Талдықорған төрінде қазақ халқының алып тұлғасы Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығына арналған ерекше көрме ұсынылды. Жетісу облыстық тарихи-өлкетану музейінде ашылған «Сәкен Сейфуллин: тағдыры мен мұрасы» атты көшпелі көрме ұлт тарихына қызығушылық танытқан жұртшылықты, әдебиет сүйер қауымды бір арнаға тоғыстырды.

Талды тағылымы

Сарыарқаның сайын даласы көне дәуірдің тасқа қашалған шежіресі іспетті. Жақында Қарағанды облысының Шет ­ауданында орналасқан Талды тарихи-археологиялық кешенінің іргесінде өткен «Сарыарқаның көшпелі мәдениеті: Ұлы дала құпиялары – Талды» атты халықаралық симпозиум осы сөзіміздің айқын дәлелі.

Шығанақ тарысы: Тарих пен тағылым

Биыл 1943 жылы ақ тарының гектарынан 201 центнерден өнім жинап әлемдік рекорд орнатқан Шығанақ Берсиевтің (1881–1944) туғанына 145 жыл толады. 1936 жылдан бастап Ойыл ауданы Қаратал ауылында тары өсірушілер звеносын ұйымдастырып, табысты суармалы шаруашылық жүргізген диқан 1944 жылы жазда 63 жасында ауыр науқастан дүние салды. Соғыс басталған жылы звеношылар үш ауысыммен жұмыс істеді. Қыркүйекке таяу қауызынан ұшырылып, тазартылған дән атарбалармен жақын жердегі теміржол бекетіне жеткізіліп, вагондарға тиеліп, майданға бағыт алатын. Екінші дүниежүзілік соғыстың қызған шағында алдыңғы шепте қар кешіп, мұз жастанған кеңес жауынгерлері Шығанақ тарысынан жасалған ботқамен қоректенді. Диқан өмірден өткен соң, кетпенін соғысқа кеткен ұлы Айттың келіншегі Ажархан ұстады.

«Махаббат, қызық мол жылдардағы» Майра

«Әйгілі Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романын білмейтін әрі оқымаған көзіқарақты қазақ оқырманы аз шығар», деп бабыменен бастайды әңгімесін Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданының құрметті азаматы Асқар Бектенбайұлы ақсақал.

Итіке би

Мәшһүр Жүсіп бабамыз жазғандай, қазақтың қағазға түсіп қалған тарихы аз. «Естігенін ұмытпайтын, құлағының тесігі бар, кеудесінің есігі бар, ұқпақұлақ жандар болған. Сондай жандардың айтуымен кеудесі хат, естігені, көргені жад болған қариялар кейінгіге ауыздан-ауызға айтумен үлгі-өсиет қалдырған», дейді ғұлама Мәшекең.

Асфендияровтың ұрпағы

Сәуір айында жұбайым екеуміз Ташкент қала­сына бардық. Негізгі мақсатымыз – халқымыздың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ағартушы, еуропалық білім алған алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірегейі, тарихшы ғалым Санжар Асфендияровтың жиені Софья Темірбайқызымен кездесіп, сұхбаттасу еді.

Қазақ бөлімін ашуға бастамашы болған ғалым

Белгілі тілші, тер­минолог-ғалым, про­фессор Жәкен Мол­дажаровтың туғаны­на 95 жыл толуына орай Қа­зақ ұлттық қыздар универси­те­тінде «Мемлекеттік тіл және әлем тілдерін оқыту: тәжіри­белер мен жаңа технологиялар» атты тақырыпта дөңгелек үстел мәжілісі өтті.

Ақаң абыройы асқақтаған тарихи жиын

1926 жылы ақпанның ая­ғында Бакуде түркі рухы тоғысқан тарихи оқиға болды. «Біз қай жол­мен жүреміз?» деген өр­кениеттік сұрақтың жауа­бын іздеп, ерте көк­тем­нің алғашқы күнінде бас қосқан, бүгінде «Түр­кі құрылтайы», «1926 жылғы басқосу», «Алғаш­қы құрылтай», «Түрко­логиялық съезд» деген айрықша атауларға ие болған, сол кезде «Бүкіл­одақтық І түркологиялық съезд» деген атаумен та­рихқа енген, түркі әлемінің тіл, жазу, білім, мәдениет және ғылым саласындағы даму бағытын айқындаған, рухани-мәдени бағдарын белгілеген стратегиялық басқосу еді бұл. Биыл, міне, сол айтулы оқиғаға – 100 жыл!

Қиындыққа толы қиыр жол

Ел тарихындағы ақтаңдақтардың бірі – Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында кеңес әскері құрамында майданға қатысып, кейін неміс тұтқынына түскен азаматтардың тағдыры. Ұзақ жыл бойы бұл тақырып жабық күйінде қалып, соғыс тұтқындарының көрген азабы мен кейінгі өмірі туралы ашық айтылмады, жазылмады.