Шымкент
Аймақтар • 07 Маусым, 2020
Шымкентте 14 жасқа дейінгі үш балаға COVID-19 диагнозы қойылды
ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 1957, 1964, 1978, 1989,1990 жылдары туған әйел адамдарға, 1955, 1998 жылдары туған ер азаматтарға және 14 жасқа дейінгі 3 балаға COVID-19 диагнозы қойылды. Олардың барлығы жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды.
Аймақтар • 07 Маусым, 2020
Шымкенттегі медициналық мекемелердің жұмысымен танысты
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің штаттан тыс кеңесшісі Айжани Нұрланова стационарлық типтегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, Шымкент қаласы әкімдігінің № 6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында болып, уақытша тұрушылардың өмір сүру жағдайларымен танысып және оларды оңалту бойынша ұсыныстар берді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.