Жаңалықтар
1 мин оқу 170

«Батыр арулар» байқауының жеңімпаздары анықталды

02.06.2015 AST АСТАНА. 2 маусым. Әйел әскери қызметшілер арасындағы екінші «Батыр арулар» республикалық байқауының жеңімпаздары белгілі болды.  Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Байқауда 80-нен аса үздік әскери қызметші атағына бақ сынасты. Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша Қарулы Күштердің 12 үздік өкілі анықталды. Дауыс беру 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында Қорғаныс министрлігінің сайтында жүргізілді. Осы аралықта конкурсанттарға 253 875 рекордтық дауыс берілді. Дастан Кенжалин. Дерек, фото: Қорғаныс министрлігі.
Бөлісу:
«Батыр арулар» байқауының жеңімпаздары анықталды · Egemen Qazaqstan