Жаңалықтар
1 мин оқу 303
Өңірде бірінші болып аяқтады
Ақмолалық диқандар жыл сайынғы жақсы дәстүрлерін жалғастырып, дәнді дақылдар егу науқанын биыл да солтүстік өңірде қызу қарқынмен жүргізілді.
Қолымыздағы дерек бойынша, өңірдің агроөндірістік кешендері 4 миллион 217,7 мың гектар аумаққа дәнді және бұршақ дақылдарын еккен. Соның ішінде, майлы дақылдар 206,7 мың гектар (100% жоспарлы), көпжылдық шөптесін – 36,6 мың гектар (100%), жүгері сүрлемі – 8,9 мың гектар (127%), картоп – 18,7 мың гектар (100%) және көкөніс – 4,4 мың гектар (100%) алқапқа орналастырылды.
Ауыл шаруашылығы техникасын дайындау бойынша жұмыстар да уақтылы әрі тиісті деңгейде жүргізіліп, егін себу науқаны басталмас бұрын көліктік-тракторлық парк толық дайындалды. Атап айтсақ, биылғы науқанға 15688 бірлік трактор, 17575 – дәнсепкіш, 1076 – кең алымды кешен, 22155 – тырнауыш, 2459 – қопсытқыш және 1086 – сыдыражыртқыш қатыстырылған.
Сондай-ақ, 2016 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге несиелеу бағдарламасы бойынша «Есіл ӘАК» ҰК» АҚ кепілдемесі бойынша 5,0 миллиард теңге қаржы бөлінгенін айта кетуге болады.
Оған қоса, дән себу жұмыстарына – 77,1 мың тонна дизель отыны, 8,2 мың тонна жанармай, 4,5 мың тонна жағармай жұмсалған.
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан»
Ақмола облысыБөлісу:
