Жаңалықтар
1 мин оқу 193

Елбасы Ресей Президентіне көңіл айтты

06-04-2016Akorda

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады. Жеделхатта Карелия Республикасының сауықтыру лагерінде демалып жатқан балалардың қайғылы қазасы туралы суыт хабарды Мемлекет басшысының зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған. Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтып, қолдау білдіретінін жеткізді. Талғат Райымбек. Дерек, фото: akorda.kz.  
Бөлісу:
Елбасы Ресей Президентіне көңіл айтты · Egemen Qazaqstan