Жаңалықтар
1 мин оқу 207

Түркия басшысымен пікірлесті

160704-akordaМемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. Түркия Президенті Елбасын Ораза айт мере­кесімен және келе жатқан Астана күнімен құттық­тады. Әңгіме барысында екі ел көшбасшылары Қазақстан-Түркия ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады, сондай-ақ, сауда-экономика және инвестиция салаларындағы өзара іс-қимылды жандандыру жолдарын айқындады. Р.Т.Ердоған өзінің сенімді диалогты және екіжақты қарым-қатынастар аясын кеңейту жөнін­дегі бірлескен жұмыстарды жалғастыруға әзір екенін атап өтті. Телефон арқылы сөйлесуге түрік жағы бас­тамашы болды.
Бөлісу:
Түркия басшысымен пікірлесті · Egemen Qazaqstan