Жаңалықтар
1 мин оқу 270

Францияда үш күндік аза тұту жарияланды

[caption id="attachment_51478" align="aligncenter" width="700"]150716 france Фото: tengrinews.kz[/caption] Францияның Ницца қаласында орын алған лаңкестік шабуылдан қаза тапқандарға арнап үш күн жалпыұлттық аза тұтуды жариялады. inform.kz-тің ақпары бойынша, бұл туралы елдің премьер-министрі Мануэль Вальс Елисей сарайындағы қауіпсіздік кеңесінің отырысында мәлімдеді. «Мемлекет басшысы 16,17,18 шілде күндері Ниццада шабуыл құрбандарын аза тұту туралы шешім қабылдады», – деді Мануэль Вальс. Айта кетейік, 14 шілдеде кешкі уақытта жүк көлігі Бастилияны басып алу күніне байланысты отшашуды көруге жағалауға жиналған адамдарды қағып кеткен еді. Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігі тоқтамастан, адамдарды екі шақырым бойында қағып жүрген. Жүргізушісі өлтірілді. Ниццадағы шабуылдан кейін арнайы операция жүргізілді. Аян ӘБДУӘЛИ
Бөлісу:
Францияда үш күндік аза тұту жарияланды · Egemen Qazaqstan