Жаңалықтар
1 мин оқу 330

Алып жігіт рекорд жаңартты

рекорд

Беларустық алып күш иесі Кирилл Шимко тағы да рекорд жаңартты. Бұл жолы ол салмағы 50 тоннаға жуықтайтын Ми-26 тік­ұша­ғын 20 метрге сүйреп барды.

Рекордшы жаңа жетістігін өз еліндегі құтқарушылардың кәсіби мерекесіне арнапты. Дәл осы тікұшақты кезінде Голливудтың әйгілі «Шағылмайтын жаңғақ» фильмін түсіру үшін киногерлер Беларусьтің төтенше жағдайлар министрлігінен жалға алғанын айта кету керек.

Кирилл Шимко бұған дейін 55 тонналық БелАЗ жүк көлігін, 119 тонна тартатын мұнаралы кранды жылжытып, Гиннестің рекорд­тар кітабына тіркелген болатын.

Нұрислам АСҚАР

Бөлісу:
Алып жігіт рекорд жаңартты · Egemen Qazaqstan