Жаңалықтар
1 мин оқу 420
Рио-2016: Әділбек Ниязымбетов - келесі айналымда
Олимпиадада боксшы Әділбек Ниязымбетов алғашқы кездесуін 1/8 финалдан бастады. Ол 81 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде белорус Михаил Довгалявецпен кездесіп, оны қиналмай ұтты. Есеп - 3:0 (30:27, 30:27, 30:27).
Қазақ боксшысы осылайша ширек финалға шықты. Оның келесі қарсыласы - әзербайжан Теймур Мәмедов.
Дастан КЕНЖАЛИН
Фото: egemen.kzБөлісу:
