Жарнама
 
Жаңалықтар
1 мин оқу 330

Украина президенті Қазақстан азаматтарын марапаттады

23.08.2016 AST-16 Украина президенті Петр Порошенко осы елдің тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты Украинаның халықаралық беделін нығайтуға, тарихи мұрасы мен қазіргі жетістіктерін насихаттауға зор үлес қосқаны үшін Т.Шевченко атындағы Павлодар облыстық украин мәдени қоғамы мен «Қазақстандағы украиндар» қауымдастығының төрағасы Михаил Парипсуды «Украина тәуелсіздігінің 25 жылдығы» мерейтойлық медалімен марапаттады. Осы медальмен Парламент Мәжілісінің депутаты, «Қазақстандағы украиндар кеңесі» заңды тұлғалар бірлестігі үйлестіру кеңесінің төрағасы Юрий Тимошенко да марапатталды. Дастан КЕНЖАЛИН
Бөлісу:
Украина президенті Қазақстан азаматтарын марапаттады · Egemen Qazaqstan