Жаңалықтар
1 мин оқу 413
Кентауда полигон құрбандарына ескерткіш ашылды
Кентау қаласында Семей полигонында жауынгерлік борышын өтеген азаматтарға арналған ескерткіш ашылды.
Елбасының бастамасымен Семей полигонының жабылғанына 25 жыл болды. Бірақ, оның зардабы ешқашан ұмытылмақ емес. Полигонда әр жылдары тек Кентау қаласының өзінен мыңға тарта жауынгер әскери борышын өтеген болса, соның 392-сі мүгедек болып қалған.
Ескерткіш жанындағы құрмет тақтасына дүниеден өткен жауынгерлердің аты-жөндері жазылған. Бейбіт өмірдегі атом сынағы салған лаң есте осылай сақталады.
Бақтияр ТАЙЖАНБөлісу:
