Жаңалықтар
1 мин оқу 406

Ресей Президенті Қазақстанға келді

putin Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин елордаға келді. Ресей басшысы Астанада өтетін екі елдің өңіраралық ынтымақтастығы ХІІІ форумының пленарлық отырысына қатысады деп жоспарланған. Жиынның басты тақырыбы – Еуразия кеңістігінің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту.  Одан бөлек, экспортты қолдау, туризм, жастар саясаты мен ғылым мәселелері де қозғалады. Форумға қатысушылар ЕХРО-2017 халықаралық көрмесінің нысандарын араламақ. Егемен-ақпарат
Бөлісу:
Ресей Президенті Қазақстанға келді · Egemen Qazaqstan