Жаңалықтар
4 мин оқу 240
Ипотекалық ауыртпалықты жеңілдете отырып
Ипотекалық кредиттеу, ипотеканы қайта қаржыландыру тақырыбы бұрынғысынша айтарлықтай өзекті болып отыр. Адамдар консультация алу үшін Ұлттық Банкке де, БАҚ-қа да жүгінуде. Бүгін біз бірнеше көкейкесті сұрақты іріктеп алдық, оларға Қазақстан Ұлттық Банкінің Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бөлімінің басшысы Мениса ХУСНУТДИНОВА жауап береді.
– Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде ипотекалық қарызды қайта қаржыландырудан бас тартылса, қайда жүгінуге болады?
– Бағдарлама 2004-2009 жылдары ұлттық валютада да, шетел валютасында да берілген, 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша негізгі борыш бойынша берешек қалдығы 36,5 млн теңгеден аспайтын ипотекалық тұрғын үй және ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруды көздейді.
Қарыз бойынша кепілді қамтамасыз ету болып табылатын жылжымайтын мүлікке қойылатын белгілі бір талаптар бар. Қарыз бағдарлама талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, банктер оны қайта қаржыландырудан бас тартуға құқылы.
Егер қарыз алушы банктің бас тартуымен келіспесе, ол қарыздың алынған жеріне қарай мына мекенжайлардағы облыстық әкімдіктер жанынан құрылған осындай шағымдарды қарау жөніндегі комиссияға жүгінуге құқылы:
- Алматы, Панфилов к-сі, 98, тел.: 8(7272) 443-678, 443-670, 443-679, факс 443-621;
- Астана, Бейбітшілік к-сі, 11, тел.: 8(7172) 55 -64-48;
- Алматы облысы, Талдықорған, Төлебаев к-сі, 58/64, тел.: 8(7282)24-00-55;
- Ақмола облысы, Көкшетау, Әуезов к-сі, 214, тел.: 8(7162) 2507-25;
- Ақтөбе облысы, Ақтөбе, Әбілқайыр хан д-лы, 40, тел.: 8(7132) 56- 04- 52, 54- 15- 91, 56- 36 -58;
- Атырау облысы, Атырау, Әйтеке би к-сі, 77, тел.: 8(7122) 27-09-32;
- Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен, М. Горький к-сі, 40, тел.: 8(7232)26-44-95;
- Жамбыл облысы, Тараз, Абай к-сі, 125, тел.: 8 (7262) 43-08-05;
- Батыс Қазақстан облысы, Орал, Достық-Дружба д-лы, 179, тел.: 8(7112) 512772;
- Қызылорда облысы, Қызылорда, С.Бейбарыс к-сі, № 1 құрылыс, тел.: 8(7242) 60-54-21,60-54-23,60-54-32;
- Қарағанды облысы, Қарағанды, Әлиханов к-сі, 13, 123-офис, тел.: 8 (7212) 41-14-86;
- Қостанай облысы, Қостанай, әл-Фараби д-лы, 65, 606-кабинет, тел.: 8(7142) 575-416, 575-412, факс 575-411;
- Маңғыстау облысы, Ақтау, 14-шағын аудан, обл. әкімдік, тел.: 8(7292) 43-49-35;
- Павлодар облысы, Павлодар, Сәтбаев к-сі, 49, тел.: 8 (7182) 323031;
- Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл, Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, тел.: 8(7152) 46-06-09;
- Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент, Тәуке хан к-сі, 6, тел.: 8-775 7508970.
Бөлісу:
