Жаңалықтар
1 мин оқу 310

Қазақстандық палуан - бүкілресейлік турнир жүлдегері

20161107104948 Батысқазақстандық палуан Ерасыл Бақыт Ресейдің Чебоксары қаласында самбо күресінен мәреге жеткен бүкілресейлік турнирде жүлдегер атанды. БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, Ерасыл 48 кг салмақта қола жүлдені иеленді. Бұдан бір апта бұрын Ерасыл Бақыт Оралда самбодан әлем чемпионы Асқар Шайхиевті еске алуға арналған 23 жасқа дейінгілер арасында халықаралық турнирде жеңімпаз атанған болатын. Оның бапкері - самбодан жастар арасындағы әлем чемпионы, ересектер арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері Бірлес Есенғалиев.
Бөлісу:
Қазақстандық палуан - бүкілресейлік турнир жүлдегері · Egemen Qazaqstan