Жаңалықтар
1 мин оқу 390

Күздік көшеттер отырғызылады

2660_oko_site Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен күзгі маусымда Шымкент қаласында отырғызылатын ағаш көшеттері бойынша жиын өтті. Қала әкімі Ғабидулла Әбдірахымовтың айтуынша, көлемі 22,5 га болатын саябақтар мен гүлзарларға 8 мың түптен астам қырым қарағайы мен шынар, липа отырғызылып, Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарына қарасты аумақтарға 22 мың түптен астам қарағаш егіледі. Жұмыстарды «Шымкент жасыл қала» мемлекеттік мекемесі жүргізеді. Бір қуантарлығы, қымбат көшеттер бұрынғыдай Өзбекстан сияқты көрші елдерден тасымалданбай, өзіміздің отандық, атап айтқанда Қазығұрт ауданындағы тұқымбағынан алынатын болды. Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан». Оңтүстік Қазақстан облысы  
Бөлісу:
Күздік көшеттер отырғызылады · Egemen Qazaqstan