Жаңалықтар
1 мин оқу 311

Ақмола мен Павлодар облыстарында жол жабылды

doroga_zima Ақмола және Павлодар облыстарында автожолдар жабылды, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі. 15 қараша күні 23:00-ден бастап, күннің күрт суытуына байланысты Ақмола облысында барлық бағыт бойынша қоғамдық көлік қозғалысы тоқтады. Сонымен бірге, Павлодар облысында ауа температурасының төмендеуінен 16 қараша, түнгі 00:10-нан бастап "Астана-Ерейментау-Шідерті" (205- 259 шақырым) автожолының Шідерті ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі аумағында қоғамдық көлік қозғалысы тоқтады.  
Бөлісу:
Ақмола мен Павлодар облыстарында жол жабылды · Egemen Qazaqstan