Жаңалықтар
1 мин оқу 294

Түркия президенті Өзбекстанға барды

eb5a3434fd330ceb19cfce205488280c_resize_w_520_h_ Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған жоғары лауазымды тұлғалармен кездесу үшін Өзбекстанға барды. Ердоған мінген ұшақ Өзбекстанға 17 қараша күні кешкісін қонды. Бүгін Өзбекстан президентінің міндетін атқарушы Шавкат Мирзияевпен және өзге де жоғары лауазымды тұлғалармен кездеседі. Ердоған сонымен бірге Өзбекстанның тұңғыш президенті 25 жыл бойында елді билеген Ислам Каримовтің зиратына барады. Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында Каримов туған жері Самарқанда жерленді. Түркия президенті Өзбекстанға Пәкістан сапарынан кейін барды. Ол 17 қарашада Пәкістан парламентінде сөйлеген сөзінде Батысты ислам әлемін хаосқа айналдырды деп айыптады. Ол мұсылман халқын "экстремизммен күресу үшін" алауыздықтан қашуға шақырды.  
Бөлісу:
Түркия президенті Өзбекстанға барды · Egemen Qazaqstan