Жарнама
 
Жаңалықтар
1 мин оқу 292

Қазақстанда ең жиі ұрланатын көліктер анықталды

photo_33603 Елімізде ең жиі ұрланатын көліктердің арасында Lada маркалы көліктер көш бастап тұр, - деп хабарлайды "Nomad Insurance" АҚ сақтандыру компаниясы. "Lada маркалы көліктердің көбісінде қарапайым дабыл беру жүйесі қосылмаған, сондай-ақ, ол көлікті жүргізу де оңай - байланыстырушы екі сымды қосу арқылы жүре береді", - деді компания өкілдері. Сондай-ақ, жиі ұрланатын көліктердің тізімінде екінші болып Тoyota (Corolla, Camry, Prado, Toyota Land Cruiser, RAV 4) тұрса, 3-орында - Mazda (626-шы модель) көлігі тұр. "Компания өкілдері дайындаған мәліметтерінің көбісі ҚР ІІМ ресми статистикасындағы мәліметтермен сәйкес келеді. Мысалы, 2015 жылы Қазақстанда 890 автокөлік ұрлау дерегі анықталса, 2 919 көлікті айдап әкету дерегі тіркелген. Ал 2014 жылы 771 ұрлық пен 3 854 айдап әкету дерегі болса, 2013 жылы 875 көлік ұрланып, 4 457 көлікті біреулер айдап әкеткен", - деді сақтандыру компаниясының өкілдері.
Бөлісу:
Қазақстанда ең жиі ұрланатын көліктер анықталды · Egemen Qazaqstan