Жарнама
 
Жаңалықтар
1 мин оқу 326

Головкин жеңіліп көрмеген боксшымен спарринг өткізеді

2 Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) америкалық Дэниэл Джейкобспен (32-1, 29 КО) жекпе-жегінің алдында жеңіліп көрмеген боксшымен спарринг өткізетін болды. Бұл туралы sports.kz хабарлады. Қазақстандық былғары қолғап шебері кезекті кездесуінің алдында 168 фунт салмақта айқасып жүрген 20 жастағы америкалық Давид Бенавидеспен (17-0, 16 КО) жұдырықтаспақ. Айта кетейік, Головкин мен Джейкобс жекпе-жегі 18 наурыз күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді.
Бөлісу:
Головкин жеңіліп көрмеген боксшымен спарринг өткізеді · Egemen Qazaqstan