Жарнама
 
Жаңалықтар
1 мин оқу 132

Телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаев Бе­ла­русь Рес­пуб­­ли­касының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлес­ті, деп хабарлады Прези­дент­тің баспасөз қызметі.

Əңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Алек­сандр Лукашенко екіжақты ынты­мақтастықтың мейлінше өзекті тақырыптарын талқылады.

Мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақ­тың қазіргі қызметі мен оның бұдан əрі дамуының мəселелері жөнінде пікір алмасты.

Сондай-ақ, екі елдің көшбас­шылары алдағы кезде­сулердің кестесін қарастырды. Атап айт­қанда, Қазақстан Президенті Беларусь Президентін Шанхай ын­ты­мақтастық ұйымының сам­миті­не жəне Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрме­сінің ашылу салтанатына шақырды.

Бөлісу:
Телефон арқылы сөйлесті · Egemen Qazaqstan