Жарнама
 
Жаңалықтар
1 мин оқу 110

Оралда алимент төлемеген 17 адам ұсталды

БҚО сотының баспасөз қызметі 17 ата-анаға алимент төлеу туралы ескерту жіберілсе де, міндеттерін орындамағанын хабарлады.

«Сот аталған тұлғаларға қатысты материалдарды қарап шығып, барлығын ҚР ӘҚБК 669-бабы «Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты және 17 тұлғаға қамау түрінде, 2 тұлғаға әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындады», – деп жазады БҚО сотының баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Оралда алимент төлемеген 17 адам ұсталды · Egemen Qazaqstan