Жарнама
 
Жаңалықтар
1 мин оқу 200

Ақорда Назарбаевтың әр жылдардағы суреттер жинағын жариялады

Ақорда Facebook желісінде Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ-мен ынтымақтастықтың ширек ғасыры атты тақырыбында әр жылдарда түскен суреттерін жариялады. "Осыдан тура 25 жыл бұрын Қазақстан Біріккен Ұлттар ұйымының толық құқылы мүшесі болды. Бұл туралы 1992 жылғы 2 наурызда БҰҰ Бас Ассамблеясының тиісті қарары (46/224) шыққан болатын", - делінген ҚР Президентінің баспасөз қызметінің хабарламасында. Елбасының әр жылдарда БҰҰ Бас хатшыларымен кездесуі кезінде түсірілген бірнеше фотосуретті Facebook желісінің пайдаланушылары назарына ұсынылған.
Бөлісу:
Ақорда Назарбаевтың әр жылдардағы суреттер жинағын жариялады · Egemen Qazaqstan