Жаңалықтар
3 мин оқу 391
Мерекелік мезірет
Халықаралық маңызы жоғары мейрам
Мен үшін Халықаралық әйелдер күні – кезекті демалыс, сонымен бірге, көңіл көтеретін айрықша мереке. Әрине, жұрттың бәрі құттықтап, жақсы тілектер айтып жатқанына қуанамын. Президентіміз де жыл сайын әйелдер қызметінің қоғамдағы маңызын көрсетіп, оларды құттықтап, қабылдау жасап, сый-құрмет көрсетеді.
Дегенмен, 8 наурыздың тарихын да жастардың біліп жүргені дұрыс. Өйткені, ол үнемі айтыла бермейді. Қайдан шыққан мереке, не үшін қабылданған деген сұрақтарды жастар өздеріне қоймайды. Бұл мереке әйелдердің теңдігін талап еткен қозғалыстың нәтижесінде өмірге келген. Ең алғашқы қозғалыс 1908 жылғы 8 наурызда Американың Нью-Йорк қаласында болған. Сол күні әйелдер теңдігін талап етуші ұйымдардың басшылығымен 15 мыңға жуық адам әйел теңдігін талап етіп, шеруге шыққан. Оған дейін әйелдердің сайлау және сайлануы құқы болмаған. Осы кезден бастап дүние жүзінде әйелдер қозғалысы жанданып, оның дауысы естімеуге болмайтын жоғары деңгейге жеткен. Сондықтан барлық ұлттық заңнамалар әйелдер теңдігін арнайы бап ретінде өздерінің заңдарына енгізген.
Ал 1910 жылы Данияның астанасы – Копенгагенде болған халықаралық конференцияда 8 наурызды әйелдер күні деп жариялауды алғаш рет ұсынған неміс коммунисі Клара Цеткин. Бұл ұсынысты көптеген ел қолдап, өздерінде атап өтеді. Ал кейбір мемлекеттер оны «Аналар күні» деп өзгертіп алған.
Қалай десек те, бұл – халықа-
ралық деңгейде аталатын үлкен мереке. Мен әріптестерімді, бүкіл Қазақстан әйелдерін осы айтулы мерекемен құттықтап, оларға барлық жақсылықты тілеймін.
Людмила ПОЛТОРАБАТЬКО,
Парламент Сенатының депутаты
Ел іргесін нығайтудағы үлестері зор

Бөлісу:

