Халықаралық жиынға қатысты
Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Ольга Перепечина Вашингтонда Дүниежүзілік парламенттік конференцияға қатысты.

Шараны Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының парламенттік желісі ұйымдастырған болатын.
Форумға Дүниежүзілік банкке және Халықаралық валюта қорына мүше елдерден экономикалық даму саласынан, әріптес парламенттік ұйымдардың өкілдерінен 200-ге жуық парламентші қатысты.
Шараның күн тәртібінде жұмыс орындарын ашу арқылы экономикалық өсуді жеделдету; қолайлы климатты дамыту және энергетикалық саясат; сыбайлас жемқорлықпен күрес және мемлекеттік басқаруды жақсарту; баланы ерте дамыту тұрғысында адам капиталын инвестициялау; көші-қонның экономикалық және әлеуметтік зардаптарымен күрес; кәсіби әдіскерлікті дамытуға ықпал ету мен әлеуметтік ынтымақ тақырыптары болды.
«Егемен-ақпарат»

