Жарнама
 
Өнер
1 мин оқу 3,233

Қазақстандық шеберлер көрмесі

<p style="text-align: justify;"><strong>Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Президенттік мәдениет орталығында &laquo;Шеберлер ауылы&raquo; бірлестігінің ұйымдас&shy;тыруы&shy;мен қолөнер шеберлерінің көрмесі өтті. Әр ұлт мәдениетін тоғыстырған көрме халық биі &laquo;Қара жорғамен&raquo; ашылды.</strong></p>

Көрмеге Қазақстанның әр облысынан келген 30-дан аса шеберлер қатысты десек, Амангелді Мұқажанов, Серікқали Көкенов, Кәлімхан Рахмет­байқызы, Лилия Ким, Мирлан Мамбета­құнов және басқа да ше­белердің киізден жасал­ған киім­дері, ағаштан ойылған ыдыс-аяқтар, табиғи тастардан жа­салған моншақтар мен түрлі әше­кей бұйымдары көпшілік көңі­лінен шықты.

Көрменің мақсаты – қолөнер шеберлерін қолдау, оларды бір-бірінен үлгі алып, тәжірибе ал­мастырту, сонымен қатар, халық мұрасын ұлық­тап, қайталанбас мәдениетті дәріптеу.

Сол секілді, біздің тағы бір көзде­гені­міз, өз бұйымдарымызды жаңа заман талаптарына сай етіп тұ­тынушыларға ұсыну десек, біздің бұйым­дарымыздың ден­сау­лыққа залалы жоқ таза өнім екенін, бағасының да аса қымбат еместігін айта кеткен абзал – дейді «Шеберлер ауылы» бірлес­тігінің директоры Нұрлан Айтбай.

Майгүл СҰЛТАН,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Журналистика және саясаттану факультетінің 4-курс студенті.

Бөлісу: