Жарнама
 
Аймақтар
1 мин оқу 2,270

Тараз бен Шымкентте жер сілкінісі сезілді

​Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі сезілді, - деп хабарлайды ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы.

Тараз бен Шымкентте жер сілкінісі сезілді

3 мамырда сағат 10.49-да Тараз бен Шымкент тұрғындары жер сілкінісін сезген. Хабарламада жер сілкінісінің Қырғызстан аумағында болғанын және магнитудасы 5,9 екені айтылады.

Жер сілкінісі 5 шақырым тереңдікте болды. Тараз қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қала аумағында 2 балл, ал Меркі ауданында шамамен 3 балл жер сілкінісі сезілген. 

Қазіргі уақытта зардап шеккендер жайлы мәлімет жоқ.

Бөлісу:
Тараз бен Шымкентте жер сілкінісі сезілді · Egemen Qazaqstan