Жарнама
 
Үкімет
1 мин оқу 280

Қорлар ынтымақтастықты кеңейтеді

Әзербайжан астанасы − Бакуде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры мен Гейдар Әлиев қоры әлеуметтік-мәдени, ғылыми және білім беру салаларындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады Сыртқы Істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Қорлар ынтымақтастықты кеңейтеді

− Біздің қорлардың қызметі негізінен бір-біріне ұқсас келеді. Мысалы, сіздердің Қор білім беру, мәдениет, ғылым және әлеу­мет­тік салалардағы қоғамдық ма­ңызы бар жобаларды жүзеге асы­руға белсенді қатысады. Бізде де со­лай. Осы ынтымақтастықтың ар­қасында біздер мәдениет пен ғылым салаларына қатысты жобаларды іске асыруда табысқа же­тетінімізге сенімдімін. Оның ішін­де талантты жастар мен жас ғалымдарға қолдау көрсету де бар, − деді Қазақстан Республикасының Тұң­ғыш Президенті – Елбасы қо­рының атқарушы директоры Қанат Жұмабаев.

Меморандумға қол қою рәсіміне Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі Бейбіт Исабаев та қатысты. Ол сөзінде екі қор арасындағы ын­ты­мақтастық маңыздылығымен ерек­шеленетінін атап өтті. Қол қою рә­сімінен кейін өткен кездесуде екі қор арасындағы байланысты ке­ңейту мүмкіндігі талқыланды. Со­ны­мен қатар, тараптар  бір­лес­кен жо­баларды жүзеге асыру Қазақстан мен Әзербайжан ха­лық­тарының қарым-қатынасын нығайтуға қызмет ететініне назар аударды.

Бөлісу:
Қорлар ынтымақтастықты кеңейтеді · Egemen Qazaqstan