Жарнама
 
Жаңалықтар
1 мин оқу 293

Конвенцияға қол қойылды

Сауд Арабиясының іскер топ өкілдері Қазақстан экономикасы­на қаржы құюға ниет білдіруде.

Бұл туралы маусымның 7-сінде кешке Астанада Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы та­быс пен капиталға салынатын са­лықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенцияға қол қою рәсімі ба­рысында Сауд Арабиясының Қаржы министрі Ибрагим әл-Ассаф айтты.

«Бүгінгі күні Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы сауда саласындағы алыс-беріс көлемі, біздің мемлекеттердің әлеуетіне сай келмейді. Конвенцияның қа­былдануы екі елдің инвес­ти­ция­лық бағыттағы әріптестігіне үл­кен серпін береді деп сенемін. Себебі, Сауд Арабиясының іскер топ өкілдері Қазақстан эконо­ми­касына қаржы құюға ниет білдіруде»,  деді И. әл-Ассаф.

Өз кезегінде Қазақстан Үкі­меті тарапынан конвенцияға қол қойған Қазақстан Респуб­ликасы­ның Қаржы министрі Болат Жә­мішев Қазақстанда ин­вес­тиция­ларды тарту мақ­са­тында жалпы заңнаманы жеңілдету ша­ралары қарқынды жүргізіліп жат­қан­дығын баса айтты.

«Соңғы 3 жылдың ішінде түрлі мемлекеттік лицензиялар мен рұқсатнамалар саны екі есеге қысқарды. Қазақстанның инвесторлар үшін тартымды болуы жолында барлық күш-жігерді салып жатырмыз. Біз әріптес­тікке әрқашан ашықпыз»,  деп атап көрсетті Б. Жәмішев, деп ха­бар­лады ҚР Премьер-Министрі­нің баспасөз қызметі.

Бөлісу: