Жарнама
 
Жаңалықтар
1 мин оқу 220

Танымал шаруа Генадий Зенченко қайтыс болды

cd6acf1d9608bdd4fe4b717e8d7ce936 Қазақстандық шаруа Геннадий Зенченко 79 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz. Шаруа қызметкерінің бүгін қайтыс болғаны белгілі болды. Айта кетейік, жерлеу рәсімі Новоникольск ауылында өтеді. Геннадий Иванович Зенченко - "Зенченко и К" серіктестігінің бас директоры қызметін атқарды. Қазақстан Республикасының Еңбек ері атанған, сондай-ақ, Геннадий Иванович Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы. Естеріңізге сала кетсек, 15 желтоқсан күні ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Зенченко өзіне екі рет хат жазғанын, ол хаттарда қазақстандықтардың тәуелсіздік алған 25 жыл ішіндегі өмірі көрініс тапқанын айтқан болатын.
Бөлісу:
Танымал шаруа Генадий Зенченко қайтыс болды · Egemen Qazaqstan