Жарнама
 
Жаңалықтар
1 мин оқу 100

Қазақстан «Урал әуе желілеріне» рейстер орындауға рұқсат етті

Қазақстанның әуе басшылығы «Урал әуе желілерінің» Жуковский – Астана және Жуковский – Алматы бағдарларына тағайындаулар қабылдады, деп хабарлайды Коммерсантъ.

«Қазақстанның әуе басшылығы Ресей Федерациясының әуе басшылығын «Урал әуе желілерінің» Жуковский – Астана жән Жуковский – Алматы бағдарларына тағайындауларды қабылдайтындығын  мәлімдеді. Мұндай уағдаластық ұзаққа созылған келіссөздер барысында қол жеткізілді», – деді ведомство өкілі.

Ол сондай-ақ 2016 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстанның Азаматтық авиация комитетінің хатында аталған бағдарларда тағайындалған екі әуе тасымалдаушы аптасына жеті рейс орындайтындығы айтылғанын тілге тиек етті.

Бөлісу:
Қазақстан «Урал әуе желілеріне» рейстер орындауға рұқсат етті · Egemen Qazaqstan