Жарнама
 
Футбол
1 мин оқу 200

"Қайраттың" бас бапкері қызметінен кетті

<p>"Қайрат" футбол клубының бас бапкері Кахабер Цхададзе өз қызметінен кетті. Бұл туралы sports.kz хабарлады.</p>

"Қайраттың" бас бапкері қызметінен кетті

Алматылық клуб бірер күн бұрын Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде сырт алаңда Албанияның "Скендербеу" командасынан 0:2 ұтылып қалған болатын. Нәтижесінде, екі матчтың қорытындысы бойынша "Скендербеу" 3:1 есебімен басым түсіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Осы жеңілістен кейін Кахабер Цхададзе клуб басшылығынан өзін отставкаға жіберуді сұраған. Ал енді жаңа бас бапкердің аты-жөні алдағы уақытта белгілі болады.

Бөлісу:
"Қайраттың" бас бапкері қызметінен кетті · Egemen Qazaqstan