Қазақстан
1 мин оқу 150
Елордада бірнеше үй ауызсусыз қалды
Елордада сол жағалаудағы бірқатар көшелердің тұрғындары су құбырындағы апат салдарынан ауыз сусыз қалды. Бұл туралы «Есіл» ауданы әкімдігінің Facebook парақшасында хабарланды.

«Құрметті «Есіл» ауданының тұрғындары! Бүгін, 23 шілдеде сағат 06:35-те Сығанақ пен Сауран көшелерінің қиылысында су құбыры жарылды. Қазіргі уақытта «Астана Су Арнасы» МҚК жарылған жерден су ағынын тоқтату, су айдау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Содан кейін қанша тұрғын үйге ауызсу беру шектелетіні белгілі болады. Ақауды жойғанша суды көлікпен тасу ұйымдастырылады», делінген.
Бөлісу:

