Жарнама
 
Кино
2 мин оқу 321

Олжалы «Оралман»

<p>Оқырман ойында болса, &laquo;Оралман&raquo; көркем фильмі жыл басында Иранда өткен XXXV Халықаралық Фаджр кинофестивалінде Бас жүлдені, сонымен қатар XIII Халықаралық &laquo;Еуразия&raquo; кинофестивалінің де Бас жүлдесін жеңіп алған болатын.&nbsp;</p> <div>&nbsp;</div>

Олжалы «Оралман»

Режиссер Сәбит Құрманбековтің «Оралман» фильмінде басты рөлді сом­даған актер Дулыға Ақмолда 5-11 қыр­күйек аралығында Татарстанда өткен XIII Халықаралық мұсылмандар киносы фестивалінде «Үздік ер адам рөлі» жүл­десімен марапатталды.

Осылайша 15 қыркүйектен бастап елі­мізде прокатқа шығатын картинаның жо­лы болып тұр. Халықаралық кино­сыншылардан биік бағасын алып, кө­рермендерін тапты.

Аталмыш картина ХХ ғасырдың отызыншы жылдарында сұрқия саясаттың салдарынан әлемнің әр шалғайына тарыдай шашырағын қандастарымыздың қасіреті мен тауқыметін, сағынышы мен аталар аманатын арқалайды.

– Толықметражды картиналарда сом­даған рөлдерім ішіндегі бұл менің ал­­ғашқы жеңісім, өте қуаныштымын. Бұл тек менің ғана табысым емес, режиссер Сәбит Құрманбековтың, оператор Марс Умаровтың, қоюшы суретші, ком­­позитордың, сонымен қатар барлық тү­сіру тобының еңбегі. Олардың бар­лығына алғысымды білдіре отырып, осы жеңіспен құттықтаймын, – деді ак­тер Дулыға Ақмолда.

Орайы келіп тұрғанда, фестивальдың «Үздік фильм» жүлдесін түрік режис­сері Мұстафа Қараның «Каландра ыз­ға­­ры» фильмі, ал «Үздік режиссер» жүл­­­­де­сін үнді режиссері Мангеш Джо­ши («Джоши жонушы» фильмі үшін) иеленгенін айта кетелік. Сонымен қатар Ресейдің екі картинасы – «Амун» фильмі «Үздік сценарий» жүлдесімен марапатталса, «Софичка» фильмінің операторы Айрат Ямилов үздік оператор атанды. Ал «Үздік әйел адам рөлі» жүлдесі «Әйел күні» фильмінің үш актрисасына бұйырды. 

Аталмыш халықаралық мұсыл­ман­дар киносы фестивалі – 2005 жылдан бе­рі Татарстанда өткізіліп келе жатқан Ре­сейдегі ірі кинофестивальдардың бірі.

Фестиваль  ұйым­­­дасты­рушылары­­ның айтуынша, бұл кинофорумның мақ­са­ты – мұсылман елдердің фильмдерін үлкен экранға шығарып, діни ғана емес, адами құндылықтарды да дәріптеу, ұлт­аралық диалог қалыптастыру болып та­былады.

Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Олжалы «Оралман» · Egemen Qazaqstan