Жарнама
 
Қазақстан
1 мин оқу 491

Сенат депутаттары сенбілікке шықты

<p>Елордада бүгін сенбілік өтіп жатыр.</p>

Сенат депутаттары сенбілікке шықты

Сенат депутаттары мен Палата Аппаратының қызметкерлері дәстүрлі жалпы қалалық сенбілікке қатысты. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Баспасөз қызметі хабарлады.

Шара барысында Елорданың сол жақ жағалауындағы «Жасыл квартал» тұрғын үй кешені аймағына терек, шаған және шырғанақ көшеттері отырғызылды.

"Егемен-ақпарат"

Бөлісу: