Жарнама
 
Медицина
5 мин оқу 826

Мемлекетшіл азамат

<p>Алғабас ауылының тұрғындары оның сол күнгі әрекетін ерлікке балай отырып, әлі күнге дейін үлгі ете еске алады. Сол жылы тосын мінез танытқан табиғат жергілікті жұртты қатты алаң&shy;датқан-ды.&nbsp;</p>

Мемлекетшіл азамат

Қалың жауған қар құрсауында қалған ауыл тұр­ғындары сыртқа шығар жол ашып әбігерге түсті. Үйінді қарды кү­реп,  үйден шығар-ау, бірақ аудан-ауылмен қатынасты ойлап үрейленгендері де аз емес. Жол ашылмай байланыс үзілсе қайт­пек?! Осынау бір қиын сәтте, қалың қарды бұза-жара қар­да жүретін көлікпен жалғыз жеткен облыс әкімі Болат Жыл­қышиевті көрген жұрттың бойындағы үрей сол сәтте-ақ сейілген болатын.

Ілгеріде жұрт тұрғыны мол, аумағы үлкен, тірлігі көп Оңтүстік Қазақстан облысын басқарған Болат Әбжаппарұлының өңірдегі әлеу­меттік-экономикалық ахуалдан да, қоғамдық-саяси аурадан да шу шығармай тып-тыныш тірлігін тын­дырып жүр­генін жоғары ба­ға­лаған болатын. Өсу баспалдағы облы­с әкімінің орынбасары, департамент бастығы, қала әкімі арқылы өрілген Б.Жылқышиевтің об­лыс басшылығына келуі бұрын-соң­ды өлкенің жылнамасында жаз­­ылмаған жаңалық бол­ған. Бұл қызметте ол өңір тұр­ғын­дары айта жүрер тың бастама­лар көтеріп, жү­зеге асырды. Мысалы, Қонаев даң­ғы­лын ұзарт­ты. Бір ғана «Нұрсәт» ша­ғы­н ауданын салумен-ақ қол­таңб­асы қалыптасты десек те болады. Кентаудың мүшкіл халін кө­теріп, Шымкентті көркейтті. Об­лыс бойынша 2005 жылы 27 643 млн  теңгенің құрылыс жұмыстары ат­қарылыпты. Жаңадан 75 мектеп салынды. Ана өлімі 52 пай­ызға төмендеді. Облыстағы кә­сіп­орын­дар саны 35 709-ға көбейді. Ел­ді мекендерді таза ауыз сумен қам­тамасыз ету мәселесіне көп кө­ңіл бөлінді. 2000 жылы құбыр су­ымен қамтамасыз етілген елді ме­кендер саны 340 болса, 2005 жы­лы оған 46 ауыл қосылды. Осы­лайша облыс бойынша таза су­мен қамтылған ауыл 43 пайызға жеткен. Жылқышиев тізгін ұстаған 4 жыл ішінде жалпы аймақтық өнім­нің өсімі 40 пайызға жетіп, 275,8 миллиард теңгені құраған.

Сол бір жылдары оңтүстік­те шу кө­біне кадр тағайын­дау­да адамдар­ды алалаудан, жер­шіл­дікке, жік­шіл­дікке бөлінуден шы­ғатын. Мұн­дай өсек-аяңды өр­бітпестен, Жыл­қышиев іс те­тігін шешетін ко­мандасындағы кадр­ларды жас­тар­дан жасақтады. Аудандық, ауыл­­дық деңгейдегі атқарушы би­ліктің абырой-бе­де­лін арттыруға ұм­тыл­ды. Айта­­лық, бұрын облыстық бюд­жетке жәу­теңдеп жүретін по­­ли­цияны қаржыландыру әр ау­дан­­ның жергілікті бюджетіне жүк­­­телді. Тәртіп сақшыларын қол­­­дау мақсатында облыстық бюд­­­жет қаржысынан полицейлер­ге 50 автокөлік сыйға тартылды.

Озаттығымен танылған ауыл әкім­­­деріне де отыздан астам «те­мір тұлпардың» кілтін тапсырды. Диқандар үшін ауадай қажет ма­шина-трактор станса­лары құ­рыл­ды. Мамандығы ин­женер-меха­ник, инженер-экономист әкім өнер­кәсіп саласын жандандырды. Ұзақ жылғы «ұйқысынан оянып», тір­шілік көшіне қайта ілескен 43 кә­сіп­орынға 5421 адам жұмысқа тұр­ды. Өңірге инвестиция тарту қар­­қынды жүргізілді. Сол жылда­ры әлемнің 55 мемлекетімен экс­­порттық-импорттық опе­ра­ция­лар­ды жүзеге асырған оң­­түс­­тік­қазақстандықтардың сы­р­т­қы сау­да айналымы 277 ми­л­­-
лион АҚШ долларына жетті. Об­лыста 16 ауыл­дық несие се­рік­тестігі жұ­мыс іс­теп, 2005 жы­лы егін жә­не мал ша­руа­шы­лығына 1916 мил­ли­он несие берілген. Мал тұ­қы­мын асыл­­­дандыруға бюд­жеттен бө­лі­не­­тін қаржы кө­лемі артты. Оты­рар, Бәйдібек, Шар­дара ау­дан­да­­ры­­­ның экология­сы, экономикасы на­­шарлығы ескеріліп, арнайы бағ­дар­­лама түзілді. Айта берсек, тың бас­­тама, оң өзгеріс көп.

Облысты басқаруға дейінгі қыз­­­меттерінде де Болат Әбжап­пар­­ұлы өзіндік қолтаңбасын қал­дыр­ды. Мысалы, Тараз қа­ла­сын тоқ­саныншы жылдары бі­лік­ті­лік­пен басқара білген Бо­лат Әб­жа­ппарұлының «Тараз қалас­ы­ның құрметті азаматы» атануы көп жайтты аңғартады. Қысқа жіп күр­­меуге келмеген күрделі ке­зең­­­де жоқтан бар жасап, өте сын са­­­ғат­та тірліктің көзін тапқан іс­кер­­­­лігін, ұйымдастырушылық қа­рым-қабілетін даусыз дәлелдеді. Бұл Болат Жылқышиевтің өмір жо­­лын­дағы жарқын, сонымен бір­­­ге үлкен белестерге жол аш­қан кезең болды. Бұдан кейін ол Оңтүстік Қазақстан облысы әкі­мі­­нің орынбасары, басқарма бас­­­шысы, Кентау, Шымкент қа­ла­­­ла­рының әкімі қызметтерін абыроймен атқарды. Ал 2002 жылы Елбасы оған Оңтүстік Қазақстан об­лысының әкімі лауазымын сеніп тап­сырғаны белгілі.

Өзіне жүктелген міндеттерді ә­рд­айым мүлтіксіз орындауға ұм­ты­лып, ұлтқа, ел-жұртқа пайдасы мол талай оң бастамаларды сәтті жү­зеге асырған, сый-құрметке ке­­нелген абзал азамат бұдан кей­ін­­гі жылдары Сенат депутаты атан­ды. Сенаттың депутаттық кор­пусындағы беделді комитетті бас­қарды. Өткенге көз жүгіртсек, Кен­тау, Шымкент қалаларының тұр­ғындары үнемі айтып отыратын игі істері жетерлік. Мысалы, ке­зінде тірлігі тұралаған Кен­тауға Б.Жылқышиевті әкім етіп тағай­ын­даған сол кездегі облыс әкімі Бер­ді­бек Сапарбаев ахуалды түзетіп, әл-ауқатын көтеруді жүктегені мә­лім. Ол кезде жағдай тіпті қиын еді. Жәрдемақысын ала алмаған әйел­дер әкімдіктің ғимаратында тү­нейтін. Әлеуметтік көмекке қол жеткізе алмаған мүгедектер ғи­мараттың алдында тұратын. Сол ахуалды да Б.Жылқышиев то­лық ретке келтірді. Шымкентте 2001 жылдары тіпті коммуналдық мә­­селелер де ушығып тұрған бо­­л­а­тын. Оны шешті. Қаланы гүл­дендірді. Ол кезде қазіргідей ағыл-тегіл бюджет те жоқ болатын. Со­ған қарамастан там-тұмдаған қар­жымен-ақ талай істі тындырды.

Сондай-ақ, қазағы қалың оң­түс­­тік жұртының жадында жат­та­л­ып қалған тағы бір игі қадам, жи­налыстардың, барлық іс-қа­ғаз­дардың облыс көлемінде мем­лекеттік тілде жүргізілуі еді. Мем­лекеттік тіл мәселесіне кел­ген­де ұлтжанды Болат Жыл­қы­ши­­ев Сенат депутаты ретінде де бел­сенділік танытты. Мемле­кет­­тік қызмет туралы заң қа­был­­­данарда Б.Жылқышиев «Мем­лекеттік қызметке келген әр­бір адамның мемлекеттік тіл­ді білуін міндеттейтін уақыт кел­ді. Заң қа­­былданатын болған соң, та­лап­ты да күшейту керек шы­ғар. Егемендіктің 20 жылы өтті, сол 20 жылда үйренгісі келгендер үйренді, үйренгісі келмеген­дерге міндеттеу мәселесін заң­ға енгізу керек. Мемлекеттік қыз­меткерге мемлекеттік тілді бі­луді міндеттеу керек», деп ке­сіп айтты. Осы арада айта ке­те­лік, сенатор Жылқышиевтің де­­путаттық сауалдарының көп­ші­л­ігі оңтүстікте орын алып жат­қан мәселелерге қатысты болды. Мә­с­елен, облыстық балалар ау­руханасының іске қосылуы. Ау­ру­хананың құрылысы бітпей қал­ған­да сенатор Б.Жылқышиев сол ке­здегі Экономика министрі Бақыт Сұл­тановқа тікелей шыққан соң, қар­жы бөлінді. Қазір аурухана ел игі­лігіне қызмет етуде. Сондай-ақ, се­натор Қазығұрт ауданындағы 8 ауылды газбен қамту жұмысына да белсене кірісіп, облыстан бір тиын қаржы сұрамай, жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен газдандыру мәселесін де шешіп берді.

Бүгінгі таңда қала көркін аша түс­кен Шымкенттiң жаңа әкiм­шi­лiк-iскерлiк орталығын са­лу мә­селесі де облысты Б.Жыл­қы­ши­­ев басқарған жылдары жоғ­ары дең­гейде көтерілген екен. Ал одан бұ­рын облысты абырой­лы азамат Асанбай Асқаров басқарған тоқсаныншы жылдарға дейiнгi кез­дiң өзiнде қаланың бас жос­пары жасалып, жоба бойынша қа­зiргi Қонаев даңғылы мен Бай­тұр­сынов көшесiнiң аумағында жа­ңа әкiмшiлiк-iскерлiк орталық, көп қабатты үйлер салынуы тиiс бол­ған. Бiрақ бас жоспарды жүзеге асы­ру басталар тұста Асанбай Ас­қа­ров қудаланып, қызметiнен босады. Орталық болады деген жерлер ту-талапайға түстi. Одан кейiнгi аралықта Шымкенттiң бас жоспарын жасауды бiлiктi басшы Болат Жылқышиев қолға алды. Әуелгі тың бастама бүгінде жүзеге асырылып келеді. 

Қазақтың танымында «текті» деген әдемі сөз бар. Тектілік – адал­дықты ту етіп, ақылы мен ең­бе­гіне ғана сенген, ұлттың та­ны­мын отбасылық ұстаным қыл­ған әулеттерге қатысты ай­ты­ла­тын ұғым. Осы орайда, Жыл­қы­ши­евтерді жұрт текті әулетке жат­қызатынын айта кетелік. Әкесі Әб­жаппар облыс деңгейінде бас­шы­лық қызметтер атқаруымен ға­­на емес, жазушылығымен де ел­ге танымал болған жан. Жазу­шы­­ның ұлы да қай деңгейдегі лау­азымды қызметте болсын ең­бек­қорлығымен, іскерлігімен, адал­дығымен және басқа көпт­е­ген жақсы қасиеттерімен ел ал­ғы­сы­на бөленді.

Еліміздің өсіп-өр­кен­деуіне сіңірген еңбегі жоғары бағаланып, бірнеше мемлекеттік наг­радалармен марапатталған, бү­гінгі күні халыққа қызметін өн­ді­рісте жалғастырып келе жат­қан Болат Жылқышиев ағамыз ас­қаралы алпыс жасқа толып отыр. Ұлт­тық ұстын, ұлттық тəлім, ұлт­тық құндылықтардың ең нəзігі, ең қажеттісі, ең сүбелісі бала тəр­биесі екені анық. Бұл орайда, Бо­лат ағамыз – өмірде өз орнын тауып, отбасылы болған үш ұлынан та­раған немерелерінің қызығын кө­ріп отырған бақытты ата.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,
«Егемен Қазақстан» 

Бөлісу: