Жарнама
 
Қазақстан
1 мин оқу 470

Қарасай ауданында болды

<p>Нұрсұлтан Назарбаев мемориалдық кешендегі Қазақстанның сақ мәдениетінен бастап Алашорда үкіметінің құрылуына дейінгі тарихын бейнелейтін экспозициялармен танысты. Мемориалдың орталық бөлігі қазақтың батырларына арналған.</p>

Қарасай ауданында болды

Сонымен қатар Елбасына ел тәуелсіздігі жолындағы күресте танымал болған белгілі тарихи қайраткерлер – хандар, билер және батырлар суреттерінің галереясы көрсетілді.

Мемлекет басшысы Қарасай ауданының жұртшылық өкілдерімен кездесті. Онда өңірдің әлеуметтік-экономикалық мәселелері мен Алматы облысының даму перспективалары талқыланды.

Мемлекет басшысы Қарасай ауданындағы музей құрылысымен танысты.

Елбасы музей экспозициясында ел Тәуел­сіз­дігінің барлық кезеңдерін, соның ішінде Қазақ­станның жаңа елордасы – Астананың салынуын қамту қажет екенін атап өтті.

Музей жанында тәуелсіз Қазақстанның тарихи даму кезеңдерін бейнелейтін барельефті панно салынатын болады. Оның ортасына Мемлекеттік тудың тұғырын орналастыру жоспарланған.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласына және Алматы облысына жұмыс сапары барысында Шамалған ауылына барып, ауылдастарымен бейресми әңгіме өткізді.

Музей құрылысы жеке адамның қаражаты есебінен жүргізілуде. Нысанның құрылысы биылғы 1 желтоқсанда аяқталады деп жоспарланған.
Нұрсұлтан Назарбаев, сонымен қатар Қарасай ауданындағы дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысымен танысты.
Қазақстан Президентіне бұл нысанның құры­лысы жеке қаражат есебінен жүргізіліп жатқаны мә­лімделді.
Дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде бокс және күрес залдары, жүзу бассейні, теннис кор­ты, жаттығу және әмбебап спорт залдары, 1000 орындық стадионы бар футбол алаңы, сондай-ақ, медициналық кабинет пен кафе орналасатын болады.

Суреттер Президенттің баспасөз 
қызметінен алынды

Бөлісу:
Қарасай ауданында болды · Egemen Qazaqstan