Театр
1 мин оқу 635

Сахнадағы серілер сергелдеңі

<p>Өскемендегі облыстық қазақ драма театры 18-ші мау&shy;сымын жазушы Баққожа Мұқайдың &laquo;Сергелдең болған серілер&raquo; комедиясымен ашты. Қойылымдағы оқиға негізінен үш жігіт пен бір қыздың арасында өрбиді. Сахна артында телефонмен ғана тілдесетін төртінші жігіт пен &laquo;кәрі қыз&raquo; &ndash; Сайраның құрбысы Айжан ара-тұра ғана бой көр&shy;сетеді. Бірі мақтаншақ ақын, бірі жасқаншақ ғалым, енді бірі мансапқор үш жігіттің бетпердесі қойылым соңында басты рөлдегі қыздың үлкен қызметтегі әкесі жұмыстан босаған кезде ашылады. Жеңгетай құрбысының да &laquo;қой терісін жамылған&raquo; қасқыр екені мәлім болады.&nbsp;&nbsp;</p> <div>&nbsp;</div>

Сахнадағы серілер сергелдеңі

Қойылым режиссері Са­хан Әкелеев комедия өт­кен ғасырдың 80-ші жылда­ры жазылса да, қаузаған тақырыбы бүгінгі күні де өз өзек­ті­лігін жоғалтпағанын айтады. «Көптеген бойжеткенде­ріміздің «кәрі қыз» атанып, жі­гі­т­тердің «сүрбойдақ» деген айдар тағынуы қазіргі заман­да көбеймесе, азайған жоқ. Мансапқор, жағымпаз, атаққұмар адамдардың қатары да арта түспесе, кемімегені анық.  Сахна – адамның ішкі айнасы. Көрермен өздері бәлкім күнде араласып жүрген, бәлкім күнде есігін қағып жүрген адамдарын сахнадан көріп, ойлансын деген ниетпен қойып отырмыз. Комедияны осындай режиссерлік көзқараспен бүгінгі күннің сұра­нысына, бүгінгінің талабына сай етіп ықшамдап, өзімізше трактовка жасадық», – дейді режиссер. Комедия соңында серілерді сергелдеңге салған «кәрі қыз» – Сайраның рөліндегі Назерке Айдыновамен тілдескенімізде өзінің жасы кіші болғандықтан 30-дағы әйелдің бейнесін сомдау оңайға түспегенін, дегенмен де сахнадағы серіктестері мен көрерменнің ыстық ықыласы жігерлендіргенін жеткізді.    

Реті келгенде айта кетейік, Өскемендегі облыстық қазақ драма театры биыл 30-ға тарта жас актерлермен толықты. Театрдың көркемдік жетекшісі Сахан Әкелеев облыс басшылығының қолдауымен олардың 20-дан астамына қызметтік пәтер берілгенін айтты.

Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»

ӨСКЕМЕН

Бөлісу:
Сахнадағы серілер сергелдеңі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар