Қазақстан
2 мин оқу 1,280

Латын графикасы – заман талабы

<p style="text-align:justify">Оттан да ыстық Отанымыздың өшпес шырағын жар&shy;қы&shy;ра&shy;та жаға біл&shy;дік. Мың өліп, мың тірілген атамұ&shy;рамызды әс&shy;&shy;петтеп, келер ұрпақ мирас тұтар ұлттық құндылық&shy;тары&shy;мыз&shy;&shy;ды айшықтадық.</p>

Латын графикасы – заман талабы

 Енді міне, «Рухани жаң­­ғыру» бағ­дар­ламасы арқылы адам­заттық алып көш-керуеннің алды­нан көрінуге ден қойдық. 

Алла қаласа, ана тілімізді латын қар­піне көшіреміз. Қорқақтайтын ешнәрсе жоқ, өткен ғасырдың сонау отызыншы жылдары латын қарпімен сауатын ашқан менің апам ке­ңестік әскер қатарында жүргенімде латын қарпімен хат жазатын. Мектепте неміс тілін оқығандықтан мазмұнын көп қиналмай-ақ түсінетінмін. Бара-бара өзім де апама латын қар­пімен сәлем хат жолдауға көштім. 

Апам айтып отырушы еді, жаз маусымында ауылға Үштөбеден Қызыл отаудың екі мұғалімі келіп, бүкіл тұр­ғындарға киіз үйдің ішінде тіл сындыртып кетті деп. Анам осылайша ғұмыр бойы латын қарпімен жазып, сызып жүрді. Қазіргі кезең мен ол заманның арасы жер мен көк­­тей емес пе? Интернет арқылы жер-жаһанмен жарасып отыр­ған біздер өткен ғасырдағы ата-аналарымыздан қалыс қала қоймаспыз. Шығармаларымыз оқылмай қалады деген бекер сөз. Ағылшын, я орыс тіліндегі мұрты бұзылмай жат­қан кітаптар қаншама?! Құнды дүние қай тілде жазылмасын елен­бей қалмайды.
Біз үшін және бір тиімділігі, мем­лекеттік тілімізді үйрене алмай жүрген қайсыбір отандастарымыз көзтаныс латын тіліне негізделген қазақ тілін жеңіл меңгереді. Ең бас­тысы, латын қарпіне көшу арқылы тек түркітілдестерге ғана емес, әлемнің сексен пайызға жуық елдеріне интернет же­лісі арқылы жақындай түсеміз. Сон­дықтан да Жетісу өлкесінің жұрт­шы­лығы бұл дәуірлік бастаманы куана толайым кұптап отыр. Біз келешегі кемел халықпыз!

Әміре ӘРІН,
Алматы облыстық «Жетісу» 
газетінің бас редакторы

Бөлісу:
Латын графикасы – заман талабы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар