Жарнама
 
Қазақстан
1 мин оқу 971

Былтырғы қар мен биылғы қар

<p style="text-align: justify;">&laquo;Былтырғы қардан биылғы қардың қандай айырмасы бар?&raquo;Осы бір қызық сауалды алғаш қашан, кімнен естідім? Әлде кітаптан оқыдым ба? Есімде жоқ...</p>

Былтырғы қар мен биылғы қар

Әйтсе де, ауық-ауық ойыма оралып, ақша қардың бетіне қадала қарап қала­тыным рас-ты. Мені қызық­тыратыны – биылғы қардың химиялық құрамы, иә болмаса, бізге беймәлім әлдеқандай бір заттегілік қасиеті емес. Сондай-ақ оның түр-түсі­нің ерекшелігі мен түйір­шік­­те­рінің ұсақ-ірілігі де қы­зық­тырмайды. Бәлкім, содан да болар, қолыма алып, үңіліп қараған  да емеспін.

Әйткенмен, осы сауалдың астарында бір философиялық ой жатқан сияқты мүлгіп. Бірақ... Ол қандай ой? Ме­ніңше, биылғы қардың был­тырғы қардан ең басты айыр­масы – былтырғы қарды көрген біра-а-аз кісілердің биылғы қарды көре алмағаны..

Нұрғали ОРАЗ,
«Егемен Қазақстан»

Бөлісу:
Былтырғы қар мен биылғы қар · Egemen Qazaqstan