Жарнама
 
Қазақстан
1 мин оқу 270

Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Алматыға барды

<p>Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Алматыға барды, деп хабарлайды &nbsp;primeminister.kz.&nbsp;&nbsp;</p>

Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Алматыға барды

Үкімет басшысы мемлекеттік бағдарламалар мен Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы міндеттерінің іске асырылуымен, сондай-ақ, қаржы секторын дамыту, ШОБ-қа қолдау көрсету, өндірістік инновацияларды енгізу және қаланың көлік жүйесін жақсарту шараларымен танысады.

Алматыға келген бойда, кешке, 23 қазанда Премьер-Министр бірінші кезекте қала әуежайын кешенді жаңғырту жоспарымен танысты. Айта кету керек, әуе айлағы Оңтүстік-Шығыс Азия мен Еуропа арасындағы географиялық қолайлы жерде орналасқан, ол өңірдің транзиттік әлеуетін арттыруға жол ашады.

Бүгінде Алматы әуежайынан шамамен 40 әуе компаниясы тәулігіне 150-ден астам рейс жасайды. Жоба аясында транзиттік аймақтарды және жолаушылар терминалының ұшу залдарын кеңейту жоспарда бар. Бұл жолаушылар мен жүк тасымалдарының көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Бұдан кейін ҚР Премьер-Министрі екінші деңгейлі банктердің басшыларымен және еліміздің қаржы секторының ірі қатысушыларымен кездесу өткізді.

Қатысушылар кеңес барысында бірқатар аса өзекті тақырыптарды талқылады, солардың ішінде Қазақстан Республикасында электронды сауданы дамытудың 2018-2020 жылдарға арналған Жол картасының жобасын, Зейнетақы қорының және Міндетті медициналық сақтандыру қорының активтерін басқару мәселелерін, сондай-ақ, жеке тұлғаларды цифрлық сәйкестендіру, қор нарығы және цифрландыру жағдайында сақтандыру нарығын дамыту мәселелерін талқылады.

Бөлісу:
Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Алматыға барды · Egemen Qazaqstan