Жарнама
 
Президент
1 мин оқу 232

Нұрсұлтан Назарбаев Қостанайдағы отандық автокөлік өндірісімен танысты

<p style="text-align:justify">Нұрсұлтан Назарбаев автокөлік құрастыратын отандық кәсіпорын жұмысымен танысты.&nbsp; Өндіріс цехын аралап көріп, зауыт жұмысшыларымен әңгімелесті.</p>

Нұрсұлтан Назарбаев Қостанайдағы отандық автокөлік өндірісімен танысты

Мемлекет басшысына қостанайлық бренд өндірісі саналатын JAC, Peugeot, Ravon автокөлік сапын, сондай-ақ JAC электромобиль моделі мен Iveco базасындағы мектеп автобустарын таныстырды.

Нұрсұлтан Назарбаевқа электромобиль инфрақұрылымын дамыту жайы баяндалды. Бұдан бөлек, Қостанай облысының инвестициялық әлеуеті мен ауданның әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы мәліметтер айтылды.

«СарыарқаАвтоПром» ЖШС автомобильдер мен өзге де моторлы құралдар шығарады, 2010 жылы құрылды. 2017 жылы қаңтар-қыркүйек айында кәсіпорын 3 795 техника өндірді. Қазір зауыт қарамағында 574 адам жұмыс істейді.

Бөлісу: