Жарнама
 
Аймақтар
1 мин оқу 331

ОҚО-да 480 отбасы қоныс тойын тойлады

<p>&laquo;Үйі жоқтың күйі жоқ&raquo; дейді ха&shy;лық даналығы. Оң&shy;түстік Қазақ&shy;стан облысында пә&shy;&shy;тер кезегінде тұр&shy;&shy;ғандар көп. Күр&shy;меулі мәсе&shy;ленің түйіні бірер жылда шешіл&shy;мейтіндігі белгілі. Сондықтан әр аудан, қала өз мүм&shy;кін&shy;діктеріне қарай тұр&shy;ғын үйлер салып, тарыққан жандардың сауабын алып жатыр.&nbsp;&nbsp;</p>

ОҚО-да 480 отбасы қоныс тойын тойлады

Тәуелсіздік күні қар­­саңында Төле би ауда­нын­дағы 480 отба­сы бас­паналы болды. Бес қабатты 8 тұр­ғын үй «Нұр­лы жер» бағдар­ламасы бойынша салын­ған. 

Салтанатты шараға облыс басшысы Жан­сейіт Түймебаев, облыс­тық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев, «Нұр Отан» партиясы ОҚО фи­лиалы төрағасының бірін­ші орынбасары Нұр­­махан Жолдасов бас­та­ған ресми адамдар қа­тыс­ты.

Тұрғындарды арнайы мерекемен құт­тық­таған Оңтүстік Қазақстан об­лы­сы­ның­ әкімі Жан­сейіт Түй­ме­баев пәтерлердің Елба­сы­ның мемлекетке тап­сыр­ған бағдарламасы бойын­ша салынып жат­қа­нын айтты.

– Біздің басты мін­де­тіміз – халық­тың әлеу­мет­­тік жағдайын жақ­сар­­тып, сапалы қызмет көр­сету. Облыс, аудан орта­лықтарында, елді ме­­кендерде тұрғын үй­лер салынып жатыр. Соның бір дәлелі – бүгін сіздердің аудандарыңыз­дағы 8 көп қабатты тұр­ғын үйдің құрылысы аяқ­талып, 480 отбасы бас­панамен қамтамасыз етіліп, қуанышқа бө­ле­ніп отыр. Бұл бағыт­тағы жұмыстар барлық елді мекендерде Елба­сы­­мыздың «Нұрлы жер»­ бағдарламасы аясында және жергілікті, облыстық бюджет есеп­терінен жалғасын таба бермек, – деді өңір басшысы.

Ол пәтер кілт­терін же­­тім және ата-анасы­ның қам­қорлығынсыз қал­ған балаларға, әскери және бюджеттік мекеме қызметкерлері мен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына салтанатты түрде табыс етті.

Айта кетейік, Төле би ауданы тұрғын үйлердің құрылысына 2016-2017 жыл­дары облыстық бюд­­жеттен 2 млрд 735­ млн 406 мың 084 тең­ге бөлініп, бүгінде ол толы­ғымен игерілген. Соның нәтижесінде 29 264 шаршы метр тұрғын үй ел игілігіне берілді.

Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»

Оңтүстік Қазақстан облысы
 

Бөлісу: