Қазақстан
1 мин оқу 880
Бүгін Астананың жаңа жылдық шыршасы жағылады
<p style="text-align:justify"><strong>Бүгін сағат 22:00-де ЭКСПО көрмесінің аумағындағы «Нұр Әлем» сферасының маңында Астананың бас шыршасының шамдарын жағу рәсімі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.</strong></p>

Кешкі шара қонақтарының назарына мерекелік бағдарлама ұсынылады. Жасыл шырша жанында "I am a Singer Kazakhstan" жобасының финалистері өнер көрсетеді деп жоспарлануда. Ringo тобы шараның хедлайнері болмақ.
Көрермендер конькимен сырғанау бұқаралық шарасының, ал балалар түрлі ойындардың қатысушысы атана алады.
Мерекелік шоу сағат 19:00-де басталады.
Бөлісу:

